Home » Мақалалар » Бастама бастауыштан басталады

Бастама бастауыштан басталады

Үстіміздегі жылдың 23-ші ақпанында Қарағанды облысы,  Қарағанды қаласы білім бөліміне қарасты Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейіде жоспарға сай, «ZIATKERLIK MODERNIZASIA-21» жобасы аясында және мектебімізде ақпан айы «Жомарттылық» құндылығына негізделіп,  «Бастауыш сыныптарында білім беру әдістемесіндегі ұлттық құндылықтың маңыздылығы» тақырыбындағы қалалық семинар болды.  Семинар құндылыққа негізделген білім беруде заманауи әдістерді қолдану арқылы өмірге икемді тұлғаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері семинар барысында қалалық білім бөлімі әдістеме кабинетінің меңгерушісі Т.Р. Байжигитова ханым мен қала мектептерінен келген қонақтарға 4 ашық сабақ пен 3 шеберлік сынып көрсетті. Онда құндылыққа негізделген білім беруде заманауи әдістерді қолдану арқылы бастауыш сыныптан бастап өмірге икемді тұлғаны қалыптастыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Ұлағатты әкелер» кеңесі жұмысы аясында ата-анамен жұмыс барысы көрсетілді.
Семинардан қала мұғалімдері өздеріне рухани жаңалық пен сабақтастық жалғасы туралы көп мәліметтер алды. Шара өз мәнінде мазмұнды да тартымды өтті. Іс-шараға үлес қосқан ұстаздарға шығармашылық өрлеу, еңбектеріне табыс және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосып жатқан істеріне береке мен бірлік тілейміз!

 

 

Қарағанды облысы,  Қарағанды қаласы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аскарбаева Айгуль Бақытжанқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.