Home » Ашық сабақтар » Алғыс айту парызым

Алғыс айту парызым

 Қызылорда облысы  Қармақшы  ауданы
Төребай би ауылы №15 «Ақкөгершін» бөбекжай-бақшасы
КМҚК  тәрбиешісі  Қарашаева Ақалтын Ераліқызы

Тақырыбы: «Алғыс айту парызым»

Мақсаты: Балаларға «ризашылық пен алғыс» туралы түсінік беру. Үлкенді құрметтеуге, кішіге ілтипат білдіруге, сыйлауға деген қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелігі: Әдептілікке, кішіпейілдікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мерекеге сай безендірілген зал,.

Жүргізуші:Құрметті ұжым мүшелері және қымбатты балалар! Бүгін міне көктемнің алғашқы күні 1-наурыз Алғыс айту күні мерекесіне орай өткізіліп отырған мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

«Амандасып үйренейік» атты тренигі.

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау, әр бір адамның міндетті. Әрине, жылдың бір күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сыйқырлық бар — олар арқылы біздер бір бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз, рахмет сөзін айту — адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері- адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысымыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген ,ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Менде алғыс айтуға асығайын. Баршаңызға алғысым шексіз.

Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай — ақ та жымиып бас ию — адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз да осы сыйластық, алғыс айтуға байланысты «Сыйласаң- сыйлы боласың» деп аталады.

Құрметті ұжымдастар, балалар ,бүгінгі «Алғыс айту парызым » атты іс- шарамызды бастау үшін бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Сара апайымызға сөз кезегін береміз.

Мерекеге орай бөбекжай-бақша қызметкерлерін марапаттау рәсімі.

  1. Көрініс:« Рахметті  не  үшін  айтады?»        ( В. Сухомлинский).

Орман  ішіндегі  жолмен атасы  мен  немересі келе  жатты.

Күн  ыстық  еді Сылдырап  бұлақ  ағып  жатты.

       Шөлдерін  қандырып,  су  ішіп  алды.     

«Рахмет»  саған  бұлақ! – деді  атасы

   Ата, бұлаққа  неге  рахмет  айттыңыз?

      Ол « алғысыңызды»  түсінбейді ғой.

 Қасқыр ішкен  суына « рахмет» айта  алмайды.

— Ал  біз – адамдармыз! 
        — Ойлан!  — Бұл  сөз  кімге  керек?- Адамдар не үшін  рахмет  айтады?

Үлкендер тақпағы

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар ,

Әнді сүйсең менше сүй деп келесі кезекте бүлдіршіндердің әнін тамашалайық

Ән «Ата –ананы тыңдаймыз «

Бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай — ақ та жымиып бас ию — адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Ал,балалар осы сыйластыққа арналған тақпақтарымызды айтып шығайық.

 Алғыс айту күнімен,

Ризашылық жолымен

Құттықтаймын сіздерді,

Көктемнің алғашқы күнімен.

 

Саламатсыз ба»,апай, деп,

-Саламатсыз ба, ағай деп,

-Амансыз ба,атай деп,

-Есенсіз бе,әжей деп,

-Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Аймекен:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Сыйлы болмақ өзі де,

Үлкен болған кезінде.

Нұрдәулет:

Бүгінгі күн — нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескеретін күн бүгін

Ризашылық әлемде

Айсұлтан:

Ризашылық күн бүгін,

Сыйласатын күн бүгін.

Алғыс айтып барша жұрт.

Қуанатын күн бүгін.

Айдай:

Әуелі алғыс аллаға,

Жер мен көкті жаратқан.

Адам ата мен Хауа анадан

Саналы пенде таратқан .

Рахат:

Алғысым шексіз анама,

Ақ сүт беріп өсірген.

Мәпелеген тербеткен,

Қатем болса кешірген.

Кәусар:

Үнемі ақыл беретін,

Мен үшін әкем бәйтерек.

Әкеме үлкен рахмет.

Бекнұр:

Қуанғанда менімен,

Бөлісетін досым бар.

Досыма шексіз рахмет

Гүлсезім:

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

 

Балалар,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік

Шұғыла:

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді!

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әкелді!

Не деп барып жеу керек? (рахмет)

Әзизәли:

Балалар жүр көшеде

Естіледі айғай-шу.

Сенде шықтың, көршіңді

Қойып кеттің байқамай.

Не деу керек? (кешіріңіз)

Гүлсезім:

Осы келген бетіңде

Допты қудық, жарыстық.

Көшенің сол шетіңде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді.(сәлеметсіз бе?)

 

Тәрбиешілермен сұхбат:Сізге ата-анадан қандай өтініш және алғысымен түсті?

Ақалтын апай:«Менің баламды сырт киімін өзіңіз шешіндіріп аласыз ба?, мен жұмысқа асығып кетіп бара жатыр едім» — рахмет сізге түсінгеніңізге.-Асылзат анасынан

Гүлмайра апай:«Апай, балама таңғы асты жақсылап бересіз бе, үйден ештеңе ішпей шығып  еді, мүмкін сіз берсеңіз ішіп қалар»  рахмет, сізге, түсінгеніңізге-Әзиз-әли анасынан

Алмагүл апай:«Апай, менің балам өте жыбырлақ, сосын балаларды тістеп алуы мүмкін,байқап қоясызба? ешкімге тимесінші» — рахмет сізге түсінгеніңізге-Әлиханның анасынан

Бұл, тек ертеңгілік қабылдау барысындағы ғана келіп түскен өтініштер ғана,осындай  вербальсыз қарым – қатынас арқылы да сіздер бір – бірлеріңізді түсінуге тырыстыңыздар. Өте тамаша! Ал, күнделікті өмірде бұданда жақсы қарым – қатынаста боласыздар деп ойлаймын.

Миға шабуыл: Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамдық  парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырыбымыз – алғыс айта білу. Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу.

 Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін,

 Отқа – жылулығы үшін. т.б.

Тәрбиеші:      Балалар, үлкенге  көмектесіп,  кішіге  қамқор  болып,  сый – құрмет  көрсетсең, достарыңа  адал  болсаң,  жақсы,  адамгершілігі  мол  қасиеттеріңмен  сүйкімді

болсаңдар,  көп  алғыс  алып,   рахметке   ие  болып,   әдепті  бала   атанасыңдар!

Ендеше алғыс  айта  білейік!

  Кәусар:           — Қазақстан  еліме,  кең  байтақ  жеріме,  мың  алғыс

Шұғыла:—   Бейбіт  күнді,  тәуелсіз  елді  сыйлаған,  Нұрсұлтан атаға    мың    алғыс!                                                                                                                                                Айша:  — Қазақстан  Респупликасының  Ата заңына  мың  алғыс!

Айсұлтан: -Қазақтың  тарихын, салт-дәстүрін  сақтаған,  ата-бабалар  рухына  мың  алғыс!

Әзиз-әли:- Қымбатты,  қамқоршы  аналарымызға  мың  алғыс!

Гүлсезім: Бүлдіршін,  достар күлкісіне  мың  алғыс!

Рахат: Қазақстан  халқының  көп  ұлттылығына,  татулығына  мың  алғыс!

 Аружан:    — Аталар  берген  батаға  мың  алғыс!

Әділжан: — Отан  қорғаушы  ағаларға  мың  алғыс!

 Бәрі:  Апайлар,   сіздерге де  мың  алғыс!

Қорытынды: Ал, құрметті бөбекжай-бақша қызметкерлері, бүгінгі 1 Наурыз — Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған психологиялық тренингіміз өз мәресіне жетті.

Сіздерге осы мерекеде отбасыларыңызға береке – бірлік, үнемі жақындарыңызды қуантып, жылы сөздеріңізді арнап жүре беріңіздер, ал сіз бен біз тәрбиелеп, өсіріп жатқан ортақ жемісіміз балалардың болашағы жарқын болсын, жан – жақты рухани – адамгершілігі мол салиқалы ұрпақты нәсіп етсін. Мың сөздің орнына «рахмет» деп, бірақ сөзбен алғыс білдіруге болатынын естен шығармайық.
Сау болыңыздар! Рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.