Home » Мақалалар » Жаңаарқалық  Серік шебер

Жаңаарқалық  Серік шебер

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап оқушылар үйі түлектерге есігін айқара ашты.  Мектеп – ғылыми- техникалық, экология-билогиялық, көркемдік эстетикалық бағыттарда жұмыс атқарады.  Бүгінде жоғарыдағы айтылған бағыттарда алты үйірме жұмыс жасап тұр. 1. Робототехника , STEM зертханасы, 2. Програмалау бағдарламасы,  3. 3D компьютерлік  графика , 4. Жасыл технология, гидропоника, 5. Телестудия, дыбыс және бейне жазу,  6. Көркем еңбек , саз балшық өнері ашылды. Топтарда 12-15 баладан тәлім алады.  Аудан орталығы мен жақын маңдағы тұрғындардың балаларынан 360 бала білім алуда.  Бұл көрсеткішті әзірге деп айтуға болады. Өйткені енді ашылған оқушылар үйіне келушілер және қызығушылық  танытқандар баршылық. Осы тұста тілге тиек еткіміз келгені бес мың жыл бұрын хат жазу ойлап табылған кезде, бірінші «қағаздың» өзі жұқа балшық тақтайшалар  болған, оған ұшы үшкір таяқшалармен жазған екен.  Бертін келе саз балшықтардан әр түрлі тұрмыстық заттар жасап, әр түрлі түстермен безендірген. Сонау ықылым заманнан келе жатқан бұл өнер бүгінде жалғасын табуда. Оқушылар үйінде саз балшық үйірмесін Кеңшілік Серік жетекшілік етеді. Ол кісі оқушыларды құмыра жасау өнеріне баулуда. Жас өнерпаздар өз қолдарымен үлкенді кішілі құмыралар,  кеселер, табақтар жасап сыртын әрлеп ою өрнектер салады.  Серік ұстаздың шәкірттері жасаған бұйымдар аудандық көрмеден орын алса, енді бір қатары шығармашылық сайыстарға қатысып өз бақтарын сынауда. Аталмыш жұмыспен айналысу оңай емес. Өйткені, саусақтың сәл ғана қимылдап кетуінен құмыраның пішіні өзгеріп немесе сынып кетуі мүмкін. Бұл қол өнер түрі оқушылардан  шыдамдылықты, мұқияттылықты талап етеді. Жаңаарқалық шебер Кеңшілік Серік ұстаз қол өнерді үйрете отырып шәкірттерін еңбекқор, өжет, шыдамды, ұлттын сүйе алатын, адамгершілігі мол азамттар тәрбиелеуді мақсаты еткен.

Республикалық
«БІЛІМ АЙНАСЫ»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.