Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты «№61 Шолпан» балабақшасында болдық. Онда «Көркемдік-эстетикалық тәрбие беру» кластері бойынша қалалық тәжірибелік семинар болу керек-ті. Қонақтарды қарсы алушы тарап өте сыпайылық танытты. «Киіміңізді беріңіз, мен ілейін, аяғыңызға іште жүргенде киетін аяққапты осы жерден киіп алыңыз, оң жақтағы сатымен көтерілесіз» деп, осылайша бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп отырды. Көргенді айтпау маған сын, жетесіне жеткізе алмасам өремнің жеткені осы болғаны. Мынау ғалам өмірде біз біле бермейтін, кейде көре-тұра түсіне алмайтын таңғажайып құбылыстар мен ғанибеттер жетіп артылады. Біз, бүгін «су асты», «жер», «аспан» әлемдеріне тап болдық. Былай деп айтуымның себебі де жоқ емес. Жасап жатқан жұмысыңа, не көріп тұрған іс-әрекеттерге жүз пайыз сенбесең, дендеп ішіне кірмесең, жан-дүниеңмен сезіне алмасаң бекер уақытты жоғалтқанмен тең емес пе? Сондықтан менде санамды ашып жіберіп, өз бойыма әр құбылысты дарытуға тырыстым.
«Сиқырлы жастықша» деп аталатын сергіту сәтінде тұрмыз. Жетекшісі балабақша психологы: Атакбаева Сымбат Мұқажанқызы. Мұнда қызыл жүрек кейпіндегі жастықшаны ұстап тұрып, өзіңді өлеңдетіп таныстырасың. Біріміз астық, біріміз састық не керек шартылдаған шапалақ, гүрсілдеген қошемет, жарқын-жарқын күлкімен аяқтадық. Бәріміз балабақша бүлдіршінінің кейпіне енгендей болып тағы не көрсетеді, «Ютуб» каналының қай түтігін басады деген сауалдар санаға жиылды. Назарымызда «Тауыс» биі сүйексіздей құбылып, көрермендеріне қанаттарымен бақыт жұпарын шашқандай желпіген Коржимбекова Махаббат Рамазанқызы мен Уайда Айгерім Батырбекқызы екен. Ол кісілердің өнерлеріне қошемет көрсетілді. Әр кісінің атын айтып түсін түстеу негізгі мақсат емес. Десе де, кішкентай мейлі үлкен елге қызмет ету мақсатында жасалған әрекет болса неге айтпасқа. Сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман?
Перде ашылды. Шебер сағаттар басталды. «Дәстүрден тыс көпшілікпен сурет салу» тәрбиеші: Орынбаева Бибігүл Махсетбайқызы жетекшілік жасады.
Нұр-Сұлтан қаласынан басқада №31, 40, 50 балабақшаларынан келген серіктес қонақтар жапа-тармағай жағалай отырысып, дәріскердің нұсқауымен әрекетке кірісті. Ақ қағаз бетіне бояуды тамшылатты, көпіршік шашты, ол аздай үстіне қағаз жабыстырып қайта алды. Маған ештеме түсініксіз болған. Бажайлап қарағанда, ақ парақ бетіне сурет пайда болғанын ұқтым.
Келесі перде ашылды. Әсемделген таулар, жайқалған баулар, жасыл желек көк жайлауға тап болдық. Бұл «жер әлемі» жетекшісі: Баян Дүйсенбекқызы ол кісіде қонақтарды жағалай отырғызып, ақ парақты қара қарындашпен боятты. Неге деген сауал санаға тығылды. Тәрбиешілер сауал қойған жоқ. Тек айтқанды жасады. Соңында түсіндік «Дәстүрден тыс өшіргішпен сурет салу» ережесімен жұмыс жасалған болып шықты. Үш кісі сапарға шықса бір кісіге бағыну керек деген қағида осындайдан шықса керек. Тағы бір перде ашылды. Қараңғы түн, жалт-жұлт етіп тек жұлдыздары жымыңдайды. Түсіну қиын емес, бұл түн әлемі деп соқтым ішімнен. Олай емес екен, бұл Аспан әлемі «Дәстүрден тыс май шаммен сурет салу» ережесі бойынша май шаммен сурет салынып, үстіне гуашь жағылғанда керемет суреттердің пайда болғанын байқадық. Жетекшісі: Ермекбаева Гүлдина жас болса да осынау өнерді жақсы меңгергенін байқатты. Оқыту үшін оқу, тәрбиелеу үшін көргендік, білгендік, көкейге ілгендік керек. Шебер сыныптар мәресіне жетті. Таныстықтан басталып, би биленіп, ара-арасында күй тартылып, ән айтылды. Бағанағы балабақшаны таппай (Нұр-Сұлтан қаласының оң қапталында Көктал-1 елді мекенінде орналасқан «№61 Шолпан» балабақшасы қаладан қашықтау жер), әзер жеткен қынжылыс естен шықты да кетті. Көңілге қуаныш ұялады. Осы кластерді тамашалауға келген серіктес әрі аралас балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері, сондай-ақ «Білім беруді жаңғырту орталығынан келген мамандар атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласы, Білім басқармасына қарасты, «Білім беруді жаңғырту орталығының» әдіскері: Майра Сарсенханқызы Боранбаева, балабарды тәрбиелеу орталықтарынан келген №40 «Құлпынай» балабақшасының меңгерушісі Эльмира Байхожакызы Кулькожаева, №85 «Мейіржан» санаторлық балабақшасының меңгерушісі: Альбина Кумекқызы Нартаева маман ретінде өздерінің ойларын қосып, пікір айтысты. «Көркемдік-эстетикалық тәрбие беру» кластері бойынша жетекшілік жасайтын №31 «Ақ сұңқар» балабақшасының орны бөлек. Сондықтан жеке дара осы балабақшаның әдіскері Балтабаева Жанар Рамазанқызын атап өткенді жөн көрдім. «Жақсының жақсылығын айт игілігі тасысын» демей ме, атам қазақ. Үш пердені аша салып таң-тамаша етті, естен айрылдық деуден аулақпыз. Десе де, тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші мамандардың ұйымдасқан, шығармашылық пен жауапкершілікті қатар мойнына артқан әрекетті байқадым. Ұжымды ұйымдастырып отырған «№61 Шолпан» балабақшасының меңгерушісі Загира Уйсимбайқызы Махашеваға, әдіскері: Смайыл Сандуғаш Серікболқызына алғыстан басқа айтарым жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласы
«BILIM AINASY»