Home » Жаңалықтар » «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

Ағымдағы жылдың 1 қазанында №85 мектеп–лицейінде Қарттар мен Ұстаздар күніне арналған «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты тақырыпта қалалық мерекелік іс–шара өтті. Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен іс- шараға Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының  басшысы Жанғозин Әнуар Қанатұлы және ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алған, қазіргі еңбек демалысындағы қарт ұстаздар, еңбек ардагерлері құрметті қонақ болып келді. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.
Келген қонақтарды бірінші қабатта мектеп оркестрі Құрманғазының «Балбырауын» күйімен  қарсы алды. Белсенді оқушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қонақтарға  мектебіміздің көрнекті жерлерімен таныстырып, ары қарай акт залда болатын мерекелік  іс-шараға жайғасты. Іс-шарада алғашқы құттықтау сөзді Білім басқармасы басшысы Жанғозин Әнуар Қанатұлы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымызды мерекелерімен  құттықтады.  Мерекелік шараға мектебіміздің әнші, дарынды, талантты оқушылары  әннен, күйден, биден шашу шашты. Еңбек және технология пәні мұғалімдері мен оқушыларының өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті.
Соңында Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» басқарма-сының басшысы Балсұлу Мұзафарқызы және мектеп–лицей директоры Казиева Марал Кадікенқызы  келген қонақтарға алғысын білдірді.
Қарттар күні саналығұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-апаларымыздың  дендеріне саулық тілейміз.

Жетпысбаева Назым Базылбекқызы,
№85 мектеп–лицей директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.