Елордада орналасқан №54 мектебімізде «Төрдегі орын — ұстаздыкі» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. 80-90 жылдарға сапар шеккен оқушыларымыз ұстаздарымыздың жастық шағын есіне түсіріп, керемет ностальгия сыйлады. Мектеп директоры Шәкәрім Толыбайұлы ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымызға ерекше сый-сияпат көрсетілді. Әсем әнмен көмкеріліп, бимен безендірілген әдемі кеште қызметіне адал, еңбекқор ұстаздарымыз да марапаттан тыс қалған жоқ. Арнайы Алғыс хат табысталып, мектеп басшылығы атынан ізгі тілектер айтылды. Бітіруші түлектеріміз ұйымдастырған ұмытылмас кеш ұстаздар жадында ұзаққа сақталады деп ойлаймыз. Осы орайда 40 жыл артқа шегініс жасап, ұстаздар қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлаған барлық бітіруші түлектерге алғыс білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!
Салтанат Жүсіпова,
№54 мектеп мұғалімі