Home » Жаңалықтар » Ұстаздардың ұстазы

Ұстаздардың ұстазы

Қазақ халқына Елбасымыз «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласын жариялап,онда қазақ рухын асқақтатып, туған жерге,елге еңбегін сіңірген белгілі тұлғаларды ұлықтау, оларға құрмет көрсету, тарихымызда ұрпақ жадында сақтап, құрметтеуге шақыру айтылған болатын. Осы бағытта саналы ғұмырларын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ауылымыздың Ұлы тұлғаға лайықты ардагер ұстаздары шақырылып, Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінде мұғалімдердің төл мейрамына орай ұйымдастырылған «Ұстаздардың ұстазы»деген мерекелік іс-шара өтілді.
Қай заманды алсақ та, «Ұстаз» деген ұғымды ерекше қастерлеген халықпыз.Ұстаз-құрметті сөз. Ол білім мен тәрбиенің нәрін шашатын,адамгершіліктің нұрын төгетін қасиетті адам. Ал дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін,оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. Олардың еңбектері ерен. Себебі шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығаратын да осы ұлағатты ұстаздар.
Демек,кезінде «Алты Алаштың басы қосылғанда,төрдегі орын-мұғалімдікі» деп белгілеп кеткендей,көргенді ұрпақ алыстан ат арытып,арбалатып келгенде әрбір ісін алдымен ұстазына,тәлім берген данасына сәлем беруден бастаған,мұның өзі біле білген жанға, жеткіншек ұрпаққа үлгі өнеге,тәлім-тәрбие берумен қатар,ұрпақ сабақтастығына жалғаса беретінін біздің мектептің оқушыларының келген қонақтарымызды жарқын жүздерімен қарсы алып, төрден орын ұсынғанынан-ақ көрініп тұрды.
«Ұстаздардың ұстазы» атты мерекелік іс-шараға арнайы шақырылған 8 ардагер ұстаз келді. Олардың ішіндегі Қазақ ССР-нің білім беру үздігі,СССР білім  беру үздігі медальдарымен мараппатталған, СССР білім беру министрлігінің,облыс әкімінің, кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталған, «Кто есть кто», Павлодар қаласы білім беру мекемесінің педагог қызметкерлері, оқушылары мен тәрбиеленушілерінңң табыстары мен жетістіктері жайлы «Табыс-2012» кітаптарының авторы және кезіндегі Қазақстан мұғалімдерінің Ү және ҮІ съездерінің делегаты болған Бихиянова Қадиша Мамлямызы және Кабдуллина Жанат Мұхтариханқызы, Саурбаева Алима Мухамедиярқызы, Төлегенова Мақпура Төлегенқызы, Сексенбаева Зина Сүлейменқызы, Мукашева Айман Серікбайқызы, Санатханова Ғалия Сүйіндікқызы, Камзина Үміт Шакарқызы келді.
Мерекелік іс-шара барысында алдымен келген қонақтар «Өлкетану»бағытындағы мұражайды аралап, кейіннен «Рухани сезім әлемінде» тақырыбындағы поэзия кешін зор ықыласпен тамашалады. Келген қонақтар өздері әділқазы болды. Қатысушылар мектебіміздің оқушылары Абай, Махамбет, Мұқағали,Мағжанның өлең-жырларын нақышына келтіріп жатқа оқыды. Әр буыннан бір ғана оқушыдан жеңімпаздарды анықтады. Тіпті, өз қолдарын қойып, мадақтама грамоталар табыстады.
Іс-шара барысының үшінші бөлімінде мектеп оқушылары әсем әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, сахналық қойылымдар қойды. Тіпті, келген қонақтарға тосыннан сұрақтар қойып, ұлағатты ұстаздар өткенге көз тастап, бастан өткерген қызықты оқиғаларымен бөлісіп, кештің шырайын аша түсті.
Қадиша Малямқызы өз сөзінде «Ескіден қол үзіп,жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», деп жас ұстаздардың жігерлеріне жалын беріп,көкірек көкжиектеріне кемелдендіруге түрлі ақыл-кеңестерін айтып,мектебіміздің ұжымына зор алғыстарын жаудырды.
Бүгінгі күннің ертең тарихқа айналарын ескерсек, әр адам ғұмырын көкті тірей еңсесі көз арбаған алып тауларға теңейтін едік.Сондықтан да ұстаздардың ұстазы атанған тұғырлы тұлғаларға әрдайым денсаулықтарының саулығын,қуаныштарының еселенгенін тіледік!

Исағалиева Айгүл Сабыржанқызы,
Б.Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
Павлодар облысы Аққулы ауданы
Мерғалым ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.