Кеше, аптаның сейсенбісінде Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасына қарасты «Білім беруді жаңғырту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық газеті мен елодамыздағы бірқатар мектеп ұстаздарының жиыны өтті.
Басқосу барысында «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ мен республикалық «Білім айнасы» ғылыми-танымдық газеті ынтымақтастығының нәтижесінде ұстаздар қауымы өздерінің материалдарын (ашық сабақ, баяндама, мақала, эссе, т.б.) аталмыш басылымға жариялауға мүмкіндік алды. Айтулы жиынға қатысқан қаламыздағы №13, №22, №23, №54, №58, №64, №68, №85 мектеп директорларының орынбасарлары пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сауалға жауап алды.
Гүлнар Ибраева басшылық ететін «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ мақсаты – жаңа тәсілдерді енгізу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік жұмысының тиімділігін ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
Осы орайда ұстаздар қауымының сыныптағы тер төге өткізген түрлі шараларын республика көлемінде ел назарында насихаттауларына даңғыл жол ашылды. Оған зор мүмкіндік жасаған басылымның Бас редакторы Қуантай Амантайұлына ұстаздар өз разылықтарын білдірді.
Осы тұрғыда ұстаздар қауымына іске сәт дейміз!
Гүлжазира ЕРТАСОВА,
«BILIM AINASY»,
Нұр-Сұлтан