Қазанның бірінші жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласындағы №58 мектеп-гимназиясы қабырғасында қарттар мерекесіне орай «Қарты бар үй қазыналы» атты тақырыпта мерекелі шара болып өтті.
Мерекелік іс-шараны ашқан мектеп — гимназиясының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботаханқызы: «Қазақ қашан да қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан. Мемлекет басшысы әрқашан қарттарды ұлықтауды дәстүрге айналдырып, өскелең ұрпаққа ұлағат етіп келеді.
Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік болары сөзсіз» деді. Қарттарға қамқорлық — біздің халқымыздың санасына сіңген қасиет. Қарттар күніне арналған іс-шараға Сарыарқа ауданынан жиырмаға жуық қария қатысты. Қарттар біздің асыл қазынамыз.
Қарттарымыздың еліміздің өсіп-өркендеуне дамуына қосқан үлестері зор. Олардың өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі екендігі айтылып, қарияларымызға мектеп тарапынан сый-сияпат көрсетілді. Мерекелік іс-шараның соңы әуелеген ән мың бұралған би күмбірлеген күйге ұласты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Болат Бимендин,
№ 58 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары