Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚСТАН ИНТОСАИ-дың XXIII КОНГРЕСІНІҢ ВИЦЕ-ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН ИНТОСАИ-дың XXIII КОНГРЕСІНІҢ ВИЦЕ-ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

ИНТОСАИ-дың XXIII Конгресінің үшінші күні қызықты оқиғаларға толы ғана емес, біз үшін ерекше күн болды: бірінші жалпы отырысты өткізу барысында 169 ел Қазақстанды ИНТОСАИ-дың XXIII Конгресінің вице-төрағасы етіп сайлады.

Ресей Федерациясының Есеп палатасы Халықаралық жоғары аудит органдарының ұйымын басқаратын болды.  Алдағы үш жылда ол халықаралық аудиторлық қауымдастықтың күн тәртібін қалыптастырады. Инаугурацияның салтанатты рәсімі сәрсенбі күні ИНТОСАИ-дың XXIII Конгресінде өтті, онда Есеп палатасын ИНТОСАИ-ға төрағалық етуге сайлануына байланысты Ресей Президенті Владимир Путин, Мәскеу мэрі Сергей Собянин, Ресей Федерациясының Федерация Кеңесі мен Мемлекеттік Думасының өкілдері құттықтады.

Сондай-ақ, сәрсенбі күні ИНТОСАИ-дың XXIII Конгресіне арналған пошта маркасын өшірудің салтанатты рәсімі өтті. ИНТОСАИ-дың Бас хатшысы Маргит Кракер (Австрия ЖАО басшысы**), ИНТОСАИ-дың жаңа төрағасы Алексей Кудрин, ИНТОСАИ-дың экс-төрағасы Хариб Аль Амими (БАӘ-нің ЖАО басшысы), ИНТОСАИ-дың вице-төрайымы Наталья Годунова 2019 жылғы 25 қыркүйек деп күні көрсетілген арнайы дайындалған кәдесыйлық штемпельмен Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының XXIII Конгресінің фирмалық стилі бар маркаларды өшірді.

ИНТОСАИ-дың XXIII Конгресінің үшінші күні шеңберінде Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова «Disrupt дәуірінде тұрақты дамуды қалай қамтамасыз ету қажет: басқарушылық және технологиялық шешімдер» тақырыбында панельдік сессияға қатысты, сондай-ақ Жапонияның, Әзербайжан Республикасының жоғары аудит органдарының басшыларымен және IDI***Бас директорымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Жапония Аудит басқармасының Президенті Юджи Морита мырзамен екіжақты кездесуде аудиторлық қызметте ақпараттық жүйелерді қолдану және тиімділік пен қаржылық есептілік аудитін дамыту бөлігінде тәжірибе алмасу, мемлекеттік аудиторларды оқыту және кәсіби дамыту мәселелері талқыланды. Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова өз сөзінде «Жапонияның Аудит кеңесі әлемдік аудиторлық қоғамдастықта өзін мойындатқан көшбасшылардың бірі болып саналады. АЗОСАИ-дың әлеуетін арттыру жөніндегі әкімші ретінде Жапонияның Аудит кеңесі мемлекеттік аудиторларды дамыту жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарды, Азия аймағы елдерінің мемлекеттік аудитін нығайтуға және аудиторлық қызметтің озық тәжірибелерін енгізуге елеулі үлес қосты», — деп атап өтті.

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова мен Әзербайжан Республикасы Есеп палатасының Төрағасы Вугар Гюльмамедов мырзамен екіжақты кездесуде шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін және Ұлттық қорға аудит жүргізу мәселелері талқыланды. Жоғарыда көрсетілген салаларда тәжірибе алмасу бойынша шешімдер қабылданды.

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годуновамен IDI Бас директоры Эйнар Гориссэн мырзамен екіжақты кездесуде мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың әлемдік жүйесін енгізу перспективалары, тиімділік аудиті бойынша оқыту мен сертификаттауды ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Біз INTOSAI (IDI) даму бастамасының аудит мүмкіндіктерін кеңейтудегі үлесін жоғары бағалаймыз. IDI белсенді өткізетін іс-шаралар (ұзақ мерзімді өңірлік оқу бағдарламалары, өңірлік қосалқы және әріптестік бағдарламалар, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің негізгі салаларындағы IDI оқу семинарлары мен практикумдары) жаһандануға және әлемнің жоғары аудит органдары арасында үздік тәжірибелердің таралуына әсер етеді», — деп атап өтті Наталья Годунова өз сөзінде.

Кездесу қорытындысы бойынша IDI тарапынан Есеп комитеті үшін арнайы семинарлар, оқу курстарын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

***

ИНТОСАИ* –  бүкіл әлемде жоғары аудит органдарының ынтымақтастығын дамытуға және мемлекеттік аудитті жетілдіруге жәрдемдесу үшін 1953 жылы құрылған халықаралық жоғары аудит органдарының ұйымы.

Ұйымның құрамына 194 ел кіреді; жоғары орган — конгресс, ол үш жылда бір рет әртүрлі елдерде өткізіледі.

ЖАО* –  жоғары аудит органы.

IDI* * — ИНТОСАИ Даму бастамасы (INTOSAI Development Initiative)

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.