Home » Жаңалықтар » Білімнің беделді бейнесі «Қазақ радиосында»

Білімнің беделді бейнесі «Қазақ радиосында»

Ерекше жаңалық… «BILIM AINASY» енді Қазақ радиосының төрінен сіздермен қауышпақ. Осынау жақсы бастаманың жолында бүгін Республикалық «BILIM AINASY» газетінің негізін салушы Қуантай Амантайұлы «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы, «Қазақ радиосының» директоры Дулат Орынбасарұлы Абибуллаевпен кездесті.
Мақсат — болашақта Қазақ радиосының толқынында жарты сағат көлемінде өз оқырмандары үшін білім жайлы, тәрбие туралы әдемі әңгіме өрбіту үшін құрған жоспарымен таныстыру. Бұл жолда Қуантай Амантайұлына «Қазақ радиосының» аға редакторы Жанат Жанұзақ мырза үлкен септігін тигізді. Жанат мырза барша қазақ еліне тарайтын радио студиясымен таныстырудан бастап, алдағы жоспарды талқылап, эфирге шығар уақыттың ыңғайын белгілеуге дейін көмектесіп, өз кеңесін айтты.
Болашақта «BILIM AINASY» республикалық газеті әуе толқынында жақсылық жаршысы, жанды тақырыпты жарыққа шығарушы болмақ. Сәтті кездесуден сапалы дүние шығарына радио ұжымы да, Қуантай Амантайұлы да зор сенім білдірді.

Жұпар САНСЫЗБАЕВА,
«BILIM AINASY» газеті,
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.