Home » Жаңалықтар » Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Менің өскен жерім – Сарыарқаның кіндігі болған Нұр-Сұлтан қаласының түбіндегі, ерке Есілдің жағасындағы қасиетті де, киелі Ақмешіт ауылы.  Ауылына қарап, азаматын таңы дегендей, ауылым – алтын бесігім, мені дүние есігін ашқаннан бері самалымен аймалап, шалғынына орап, әлдилеп өсірді. Балалық балғын шағым өз елімде өтті.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәтім, кластан-класқа ең белсенді оқушы боп өтіп отырғаным,жылдағы «Мақтау грамотасын» алып қуанған сәттерім бәрі көз алдымда. Орта мектепті аяқтаған соң қай мамандықты таңдау керегі алдымнан шықты. Ойлана келе, ұстаз болуды қаладым. Мен бала күнімнен ұстаз болуды мақсат етіп алдыма қойған болатынмын. Әлемдегі ең ақылды, ең білімді адам ұстаз деген ұғым санамда үнемі жарқырап тұратын.
Ұстаз – адам жанының дәрігері. Ұстаздық мамандық «сегіз қырлы, бір сырлы» болуды қалайды. Өмір тылсымындағы жақсылықпен сусындата тәрбиелеу оқушы жүрегіне нұр етіп құятын бұл әрине, менің өмір жолым, еңбек жолым, ұстаздық жолым. Ұстаз болғаныма, соның ішінде  бастауыш сынып мұғалімі болғаныма қуанамын. Шәкірттеріме сабақ жүргізуде өз халқымның рухани бай қазынасын сусындатып қандыра түсіндіруді өзіме міндет етіп қоямын. Қазіргі шәкірт – ертеңгі білікті маман. Сондықтан жаңа ғасыр мамандарын даярлап жүргенімді, өмір көшіне өз үлесімді қоса бастағанымды өзіме бақыт санаймын.

Сағындық Гүлжайнат Жүнісқызы,
№54 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі,
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.