Home » Жаңалықтар » Әлем жауһарлары — менің тілімде

Әлем жауһарлары — менің тілімде

Латын әліпбиіне көшу, бұл – заман талабы. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ал әлемдегі мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Осы ретте латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын, оның уақыт талабы екендігін ұғына отырып ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Аталмыш жарлыққа сәйкес латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі де бекітілді. Ал, латын графикасын қолдануға алғаш болып көшкен № 68 мектеп-гимназиясы осы тұрғыда түрлі жұмыстар жүргізуде.
Латын графикасын іс жүзінде қолдану мақсатында 2019 жылғы 20 қыркүйек күні ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар болып өтті.

Мәселен, «Тіл – татулық тірегі» атты сынып сағаттары мен мақал-мәтелдер сайысы. Шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік тудыру мақсатында жас ақындар арасында «Тіл маржандары» атты мектепішілік жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды.  Аталмыш мерекенің қорытындысы ретінде «Әлем жауһарлары — менің тілімде» атты қалалық іс-шарасы болып өтті. Ауқымды шараның қонағы болып Л. Гумилёв атындағы ҚазҰУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б. Қорғанбеков, ҚР Жазушылар одағының және авторлар қоғамының белсенді мүшесі А. Отарқызы, мектептік ата-аналар комитетінің мүшесі Д. Изтлеу келіп қатысты. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық платформа мектептерінің кітапханашылары, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен 9-сынып оқушылары арасында латын графикасы бойынша «Тіл – ұлт байлығы» тақырыбында диктант жұмысы жазылды.

Нәтижесінде оқушылар арасынан № 67 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушысы Ұзақ Айсұлу  І орын, № 58 мектеп-гимназиясының 9 «Г» сынып оқушысы Сыздыкова Жанар ІІ орын, №68 мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушысы Оспаналиева Анеля ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері № 67 мектеп-гимназиясынан Нарбаева Меңдікүл І орын, № 58 мектеп-гимназиясынан Еркебай Динара ІІ орын, № 42 орта мектептен Тұрсынбекова Ләйла ІІІ орынға ие болды. Мектеп кітапханашылары арасынан № 68 мектеп-гимназиясынан Есілова Сәуле І орын, № 67 мектеп-гимназиясынан Орақбаева Айгерім ІІ орын, № 80 мектеп-гимназиясынан Мұханова Сабираш ІІІ орынды иеленіп, алғыс хаттарымен марапатталды.

Тіл құдіретін танытатын айтулы шара мектеп АКТ залындағы мерекелік бағдарламамен жалғасты. «Әлем жауһарлары менің тілімде» сазды сахналық кешті «Тұмар» би тобы  ашса, директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Молдаханова кеш қонақтарын мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп оқушылары үш тілде Абай, Пушкин және Шекспирдің шығармаларын орындап, «Гамлеттен» үзінді келтірді. Кеш соңында қонақтар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға ізгі тілектерін жолдады.

Қайроллаев Нұрсұлтан,
ұйымдастырушы педагог, тарих пәнінің мұғалімі,
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№68 мектеп-гимназия» КММ
Нұр-Сұлтан қаласы,
Көктал-2 кенті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.