Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Арыс қаласына келіп, құрылыс барысы және штаб жұмысымен танысты. Сапар барысында тұрғын үйлерді аралап, меншік иелерімен жүздесті.
Жалпы Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 12-секторда зардап шеккен үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы және ұйымдастыру жұмысына Келес ауданы бекітілген. Бұл аумақта 789 тұрғын үй бар. Оның ішінде 472 үйге ақау актісі жасалып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге талап етеді.
Қуантай Амантайұлы
«Білім айнасы»