«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Latynsha-like» семинар-тимбилдингінің
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 30 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу бойынша БАҚ құралдары өкілдері, зиялы қауым, қоғам белсенділері арасында семинар-тимбилдинг ұйымдастырады.
Шараның мақсаты: Президент тапсырмаларында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарлама аясындағы латын қарпінің БАҚ-да насихатталуын арттыру. Қоғамға латын негізді әліпбидің таралуына ықпал ету.
Шараға белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, блогерлер, әкімдік қызметкерлері қатысады. Шараның басы арнайы дайындалған латын қарпі бойынша дайындалған семинар-тренингімен басталып, оны меңгеруге арналған интеллектуалды ойындар ойнатылады. Одан өзге, түрлі сайыстар мен спорттық шаралар ұйымдастырылады. Шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хат беріліп, семинар-тренингке қатысқаны жөнінде сертификаттар табысталады.
Осыған орай, барлық БАҚ өкілдерін қоғамдық маңызы зор іс-шарамызға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз. Бағдарлама қосымша хабарланады.
Өтетін уақыты: 30 маусым сағат 09:00-де
Өтетін орны: «Золотой фазан» демалыс орны
Ұйымдастыру комитеті: Фархат Қаналы
+77472191859