Home » Балабақша » Ойын түрлері арқылы балалардың шығармашылығын арттыру

Ойын түрлері арқылы балалардың шығармашылығын арттыру

Адамнан – адам тәлім алады,

Ағаштан – ағаш мәуе алады.

Әбу Насыр әл Фараби

Елбасымыз Н. Назарбаев өз сөзінде бірнеше рет, өскелең қазақстандықтар позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік, мықты адами қасиетке ие, таңдау жасап, шешім қабылдай алатын Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу керек деп айтты.

«Балаларға көмектің ең дұрыс тәсілі – олардың ата-аналарына көмек көрсету» —  деп американдық Томас Харрис дәл айтқан.

ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 5-6 жастағы балалардың мектепалды дайындықпен толық қамтылуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Жалпы бағдарламаға енген өзгерістер балалардың еркін сөйлеп, сұрақ қоя білу және сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған және сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған және шығармашылық жұмыс жасауға тиімді болып келеді. Барлық іс — шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастары және ересек балалармен қарым – қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді. Бағдарлама келесі білім беру салалары арқылы жүзеге асады: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет».

Қазіргі кезде балалардың тілінін шықпауы, ең өзекті мәселе болып келеді, сол себепті оқу бөлімдерінің қосылуы тиімді және тыңдалым, жазылым, айтылым бөлімшелермен ерекшеленеді. Бұл енгізілген бөлімшелер біздерге, яғни тәрбиешілерге де жаңашылдық болып келеді. Бөлімшелердің балаларға тиімділігі: өзін еркін ұстауы, терең ойлауы, сөз бен сөйлемді анық айта білуі және эмоциялық қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын қолдана білуі. Жалпы, жаңартылған бағдарламаға сай тәрбиешінің де кәсіби біліктілігі мен білімі жаңашылдық құзыреттілігі сәйкес болуы қажет. Жылда алдыма келген тәрбиеленушілердің көзқарасын, сөйлеу мәнерін, ойлаған ойды жеткізе алуын, жанындағы достарымен қарым-қатынасын байқай отыра, осыған орай түйінді мәселе туындайды: «Ойын түрлері арқылы балалардың шығармашылығын арттыру» тақырыбында алып, жан – жақты қарастырып, баланың айналасындағы тіршілік және қоршаған әлем туралы сұрақ қойып, білімін кеңейтуге деген талабын байланыстыра өз алға қойған мақсатыма жетуде ізденудемін. Осының төңірегінде бала білімқұмар, ақылды, белсенді болып, болашақта сенімді көшбасшы үнемі ізденісте жүрер азамат болып қалыптасады. Баланың бойындағы ғажайып әлем сыры мен қыры, таңғажайып кереметін ашуға деген құлшыныс, тәрбиеші мен ата- аналардың шыдамдылығы мен шығармашылығы, қазіргі замандағы ең өзекті мәселе. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, көшбасшы қандай болса, артынан ерген көш те сондай болмақ. Әрбір істеген істеген ісіме, құрған жоспарыма, алдыма келген жасөспірім балалардың болашағы үшін, еш аянып қалмаймын. Әр ұстаз өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Даярлық топтағы балалардың ой – өрісін дамыту, олардың мектепке деген қызығушылығын ояту біздің күнбе- күнгі мақсатымыз. Сондықтан да оқу қызметінде әдіс — тәсілдердің жаңашыл түрлерін таңдаймын.

Жаңа технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді.Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Осы мақсатта түрлі технологияларды пайдаланамын. СТО, ӨМШТ және М.Монтессори, В.Воскобович әдістемелері. Бұлар менің ұйымдастырылған оқу қызметінде және тематикалық сабақтарда қолданамын. Ең негізгі- демдеуіш. Бұл технологиялар әдіс – тәсілі ұйымдастырылған оқу қызметінде кезең бойынша жүзеге асады. Әрине, бұл технологияны таңдаған себебім: балалардың саусақ моторикасы, ұсақ қол моторикасы қалыптасады. Осыған сәйкес бөлмеде саусақ жаттығуларына арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Әдістемесі бойынша баулар, түрлі- түсті прищепкалар, күріш, жарма, моншақтар т.б. материалдар жинақталды. Ал В.Воскобовичтің тәсілі бойынша геоконт жасалды. Онда балалар түрлі- түсті резеңкелерді шегеге тарта кигізіп, әртүрлі пішіндер, әріптер, сөздер жазады, құрастырады сосын соны әңгімелейді. Түрлі – түсті моншақтар сымға кигізе отырып санау дағдылары жетіліп, есептер шығаруға үйренеді. Мысалы: сауат ашу оқу қызметінде жаңа әріп өткенде оны бірінші ыдыстағы маннаға саусақтарымен жазады. Сергіту сәтін жасаған кезде саусақтарына қалпақтар киіп жаттығулар жасайды. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда тура, кері санауға, цифрдің өзін салуға, санның құрамын тануға, көп-аз, артық-кем, жуан-жіңішке, биік-аласа ұғымдарды тақтайшада көрсетеді. Сөйлеуді дамыту сабақтарында 10 тақпақтарды ауызша жаттап алса қалғандары сурет арқылы жаттап алады. Қолдарына әртүрлі кейіпкерлер салынған атрибуттарды киіп алып ертегілер айтып береді. Жалпы айтқанда бұл әдістеме саусақ моторикасына әсер ете және белсендіре отырып, баланы жан-жақты дамытуға болады. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде, саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеді. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігі артады. Баланың ойынға, қоршаған ортаға деген бейімін өзгертеді және өзіне деген сенімін арттырады, сұрақ қоя бастайды, қызғушылығы артады, сөйлеу дағдысы қалыптасады және сөздерді еркін оқи алады. Өзін достарының алдында емін еркін ұстауға үйренеді, яғни бала ашылады. Өзімнің жыл бойғы еңбек қызметімде әрбір келген бала өз табиғатына сай мінезімен ерекшеленеді, әрине оқу жылы басталғаннан баланы зерттеу жұмыстары басталады.

Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Заман талабына сай ұрпақ деген кім? Ол жан- жақты қалыптасқан, білімді де, білікті, зейінді де, зерделі қызметті ұрпақ. Олай болса, сол ұрпақты тәрбиелеуге бірігіп ат салысайық әріптестер!

Мухатаева Айгуль Муратовна,
Нұр-Сұлтан қаласы, №38 «Шаттық» балабақшасының шағын орталығының тәрбешісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.