Home » Мақалалар » Ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлдеріне бас иіп, құрмет етеміз

Ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлдеріне бас иіп, құрмет етеміз

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы аумағының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері 1925 жылы 20.09 туылған Ботев Иван Михайловичты 2019 жылдың 20-шы қыркүйегінде Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы өз атынан, жеке құрамның және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығының атынан 94 жасқа толуына байланысты туған күнімен құттықтап, алғыс хаты мен азын-аулақ сый-сыяпатын табыс етті. Көкіректерін отқа тосып отан үшін, елі үшін не бары 19 жасында соғыс майданына аттанып бүгінгі таңда өзінен кейінге ұрпақтарына ашық аспан, бейбіт өмір сыйлағандары үшін алғысымыз шексіз екендігін, ешқашан есімізден, жүрегімізден шығармайтынымызды айтып жеткіздік.

        Ботаев Иван Михайловичпен әңгімелесу барысында майдандағы басынан өткен оқиғаларды айтып, Ұлы Отан соғысынан келгеннен кейін жақын жора-жолдас болып араласқан достарының саны бүгінгі таңда өте аз, бармақпен санарлықтай қалғандарын айтып көңілі түсіп қалды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығын есіне алып, ескеріп туған күнімен құттықтағандары үшін ризашылығын білдіргені туралы сәлемдемесін айтты. 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының
кадрлар және саптық бөлімше бастығы капитан Қайрат Исаев

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.