Солжағалау аудандық пробация қызметінің негізгі мақсаты қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғалардың арасында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандарды идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асыруда.
Сотталған Б. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 09.11.2017 жылы ҚР ҚК 106 бабы 1ші бөлімімен 3 жыл басбостандығынан айыру жазасы тағайындалған және пробациялық бақылау орнатылған. Сотталған Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінде 12.12.2018 жылдан бастап тұрды.
Сотталған Б. бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында ешқандай құқықбұзушылыққа жол берген жоқ, өзінің түзу жолға түскенін дәлелдеді. Сол себептен қылмыстың ауырлық сатысына байланысты 20.07.2019 жылы ШҚО Өскемен қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес шартты сынақ мерзімінен бұрын босатылып, 08.08.2019 жылы Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінен шығарылды.
ШҚО бойынша ҚАЖД
Солжағалау аудандық ПҚБ аға инспекторы
әділет майоры Э.К.Смагулова