Home » Жаңалықтар » М.МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ

М.МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ БАЛАЛАРДЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛЫ

Қазіргі таңда жан — жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала — болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта — ықыласын дұрыс бағыттау қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан, оқу — тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан — жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Осы мақсатты іске асыру барысында М. Монтессори, Денечов, Васкавович педагогикалық технологияларын тәжірибемде қолданамын. Денечовтың геометриялық пішіндер, логикалық блоктарын. М.Монтессоридың ағаштан жасалған геометриялық пішіндерін, қуыршақтарын, ойыншықтарын т.б Воскововичтың гиаконг, каврогров, игровизор,күлгін орман, дидактикалық ойындарын қолданамыз. Соған байланысты біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған емін — еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылады. Технологиялар тәрбиелеу мен оқытудың жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам — баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші, әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі көптеген болып табылады.

М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Менің өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым — қатынас арқылы ғана өз жемісін береді.

1.Монтессори әдісінің мақсаты:

  • балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;
  • өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;
  • балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

2.Монтессори ұстазының міндеті:

  • балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;
  • негізгі түстерді айыра білуге үйрету;
  • ұсақ моториканы дамыту;
  • алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;
  • зейінін тұрақтандыру;
  • тәртіпке үйрету.

М.Монтессоридің жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына қайшы келмейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты «негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық, және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады. Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді. Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді. Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі түрде қолданамын.

Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі — заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық, дене, адамгершілік тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады. Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар.ең алғашқы жылында балақозғалыс жасау үстінде жүреді. Онда сензитивтік периодтың даму жолықалыптасады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторикалық жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі. Моторикалық даму жеке-дара қозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді. Оған қозғалыс жасау үшінтүрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс- әрекетке итермелейді. Бір сызықтың бойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді. Басқа да топтық жаттығулар балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы, рөлді қойындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. Жаттығуға арналған материал тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болу керек. Жаттығудың шарты түсінікті болу керек. Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның, ғылым мен білімнің заманы. Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттыру -заман талабы.

 

Бектурганова Карлыгаш Кемельхановна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
ББПППС кафедрасының аға оқытушысы

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық, Алматы\2013ж.
  2. Развитие речи обучение письму и чтению в грамматику, Снежинск 2002г.
  3. Пермянова Л.В. Математика, Снежинск, 2005г.
  4. Введение в Монтессори — педагогику, Снежинск, 2005г.
  5. Методика работы с основными сенсорными материалами, Снежинск, 2006г.

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.