Бүгін елордада орналасқан №45 орта мектептің жәй күйімен таныстық. Аралас білім беретін мектептің бүгінгі тыныс тіршілігіне қатысты директордың орынбасары Сәуле Игілікқызы жауап берді. Қабырғасы 1987 жылы қаланған мектепте бүгінде 600 ден аса бала білім алуда, білім беруші ұстаздар саны 52.
Оқу ордасына еңбегі сіңген ұстаздардың бірі бастауыш сыныбының мұғалімі Есіркепова Фариза Нұрланқызы. Арнайы білімді
«Тараз педагогикалық колледжінде» одан кейін М.Х.Дулати атындағы оқу орнын тәмамдаған ұстаздың аталмыш білім ордасында қызмет етіп жүргеніне бүгінде 16 жыл болған.
Ұстаздық жолды таңдарда әуелгі кезде анасы қарсы болғанына қарамастан осы салаға бет бұрған екен. Бүгінгі күнге дейін таңдауыма еш өкінген емеспін дейді кейіпкеріміз.
Тіпті осы уақытқа дейін жұмыстан қажыған сәтінде есіне түсіре алмады. Бәлкім мамандығымды сүйгеннен шығар деп түсіндірді. «Қиындық» кез -келген қызметте болады бірақ сол қызметке деген құштарлық бәрін жеңіп шығуға көмек береді дейді. Болашақ әріптестеріне де «мамандығыңды сүй, немесе сүйген мамандығын бойынша қызмет атқар» деген кеңес береді. Өзінің көп жылдық тәжірибесінің арқасында шәкірттерінің жүрегінен жол таба білген ұстаздың ел алдында жүрген шәкірттерінің бар екенінде тілге тиек етті.
Нұрбол АРНАБЕК
«BILIM AINASY» газеті
Нұр-Сұлтан қаласы