Заңғар жазушы М.Әуезов айтқандай: «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» десек, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы — мектеп. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана — ең мықты білім, рухани ұлттың тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана — болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Бұл ұлттық мектептің аса маңызды міндеті деп білемін.
Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс.
Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ десек, ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру мен ғылымды дамыту. Осы орай да мектепті білім ордасы десек, сол білім ордасындағы ұстаз қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Менің ойымша ХХІ ғасыр ұстазы кез-келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болуы керек. Ол тек ұстаз болып шектеліп қалмауы керек әрқашанда әмбебап болуы қажет. Оқушыға білім мен тәрбиені қатар бере отырып дос бола да білу керек. Рухани бай болуы шарт деп білемін сонымен қатар жаңа технологияны меңгерген яғни сегіз қырлы бір сырлы болу керек. Менің көзқарасым бойынша түйгенім мұғалім мектептің жүрегі. Алдында өсіп келе жатқан шәкірттер ең бірінші мектеп ұстаздарына қарап бой түзейді, үлкен өмірге қадам басқанша оқушының үлгі тұтары мұғалім екені баршамызға аян сондықтанда біз шәкірттерімізге интелигент болуымыз керек деп ойлаймын.
Әр ұстаздың білім беруде алдыға қойған мақсаты болады деп ойлаймын. Мысалы менің басты мақсатым білім алушыларымның пәнге деген қызығушылығын артыра отырып сапалы білім беру. Міне осы қасиеттерді өз бойына жиыстыра берген ұстаз қазіргі ХХІ ғасыр ұстазы деп айтқым келеді.
Ұстаз үшін бақыт – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Ендеше, бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында ұландардың биіктен көрінуіне күнделікті істегі жаңашылдық пен жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткізейік
Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, психологиялық диогностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолы бар, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыз көбейе берсін дегім келеді.
Базарбаева Айнур Ивановна,
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
«Құрық орта мектеп-гимназиясы»