Home » Балабақша » БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ МҮМКІНДІГІ

БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ МҮМКІНДІГІ

Отбасы мен балабақша — бұл біздің болашағымыздың бастауында тұрған екі мемлекеттік мекеме. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-аналар баланың тамақтануымен ғана айналысады, олар балабақша тек ата-анасы жұмыста болған кезде балаларға қамқорлық жасайтын орын деп санайды. Осы себепті біз, балабақша ұжымы ата-аналармен қарым-қатынаста жиі қиындықтарға тап боламыз. Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға қалай қызықтыру керек? Ата-аналарды балабақшадағы оқу- тәрбие үдерісіне қатысуға қалай белсенділігін дамытуға болады? Біздің «Баларман» балабақшасы мектепке дейінгі білім беру мекемесі  мен отбасының өзара әрекеттесуі, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру мәселесімен жүйелі айналысады. Ата-аналарды бірлескен іс-шараларға тарту жұмыстары бойынша ақпараттық-аналитикалық және танымдық бағыттарында жүргізілуде.

Ақпараттық-аналитикалық бағытында баланың отбасының әлеуметтік картасын дайындау, ата-аналардың баланың жас ерекшеліктері аясында тәрбиелік қажеттіліктерін анықтау, баланың отбасы мүшелерімен байланыс орнату мақсатында балабақша тәрбиешілері «Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастық» сауалнамасын жүргізеді. Жиналған мәліметтер негізінде әр баланың отбасылық байланысының құрылымы, мектеп жасына дейінгі баланың отбасы мен отбасылық тәрбиесінің ерекшеліктерін ескере отырып, әр ата-анамен қарым-қатынас тактикасы жасалады, бұл әр отбасының педагогикалық қажеттіліктерін жақсартуға және оның жеке ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Ақпараттық-аналитикалық бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ата-аналардың топтық іс-шараларға қатысуын қамтитын сандық көрсеткіштер анықталды: ата-аналар жиналыстарына қатысу және кеңес беру; балалар мерекелерінде ата-аналардың қатысуы, экскурсияларды, тақырыптық оқу қызметін дайындауға және өткізуге ата-аналардың қатысуы; көрмелерге қатысу; «Ашық есік күніне» бару; педагогикалық үдерісте ата-аналардың көмегі. Бұл бағыттағы жұмыстар ата-аналарды топтардағы оқу қызметтеріне қатысушысы ретінде қабылдауға мүмкіндік береді дей аламыз.

Ақпараттық-аналитикалық бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесі танымдық бағытты жүргізуге толық мүмкіндік береді. Танымдық бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда ата-аналарды балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әлеуметтендіру мен жеке тұлғалық бағытта тәрбиелеу мәселелері бойынша біліммен байыту. «Баларман» балабақшасының мамандарының (логопед-деффектолог, педагог-психолог, тәрбиеші, орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру нұсқаушысы, хореограф, әуез мамандары және  медициналық мейірбике) білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы бірлескен жұмысы ата-аналарды балабақшадағы  педагогикалық үдеріске қатысушы етіп, мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде отбасына педагогикалық қолдау көрсетуге ықпал жасайды.  Танымдық бағыттағы жұмысты ұйымдастыру ұжым алдына бірнеше мәселелерді айқындады, біріншіден: ата-аналармен сенімді және серіктестік қатынастар орнату және екіншіден: отбасын балабақшамен біртұтас білім беру кеңістігіне қатысуын қамтамасыз ету. Айқындалған мәселелерді  нәтижеге бағыттау үшін ата-аналардың баланы әлеуметтендіруде және тұлғалық болмысын тәрбиелеуде  тәрбиелік қабілеттерін белсендіріп, байыту. Осы орайда тәжірибемізде пайдаланылатын ата-аналармен жұмыс жасау әдістері жүйеленді.

Ата-аналармен жұмыс жасау әдістері:

— үйге балалардың отбасыларына бару;

— жалпы және топтық ата-аналар жиналыстары;

— кеңес беру;

— ата-аналардың қатысуымен оқу қызметі;

— ата-аналармен бірлесіп жасалған балалар жұмыстарының көрмелері;

— бірлескен экскурсиялар;

— қарым-қатынас күндері;

— игі істердің күндері;

— ашық есік күндері;

— фото монтаждар;

— тақырыпты бірлесе құру — дамыту ортасы;

— таңертеңгілік құттықтау;

— топтың ата-аналар комитетімен жұмыс;

— балалармен және ата-аналармен әңгімелесу;

— Сенім телефоны;

— Сенім поштасы;

— Отбасы күні.

Балабақша ұжымы мен ата-аналар арасындағы достық қарым-қатынас атмосферасы өте маңызды болғандықтан, біздің  топ тәрбиешілері ата-аналар жиналыстарын ерекше түрде өткізеді. Жиналыстарға балалар жұмыстарының көрмелері немесе фотокөрмелер дайындалуда, онда әр «топтың өмірі» туралы суреттері, ақпараттық компьютерлік технологиялардың көмегімен презентациялар дайындалады. Бұл ата-аналарға балабақшадағы баланың іс-әрекеті, қимыл қозғалысы жайында, даму ерекшеліктері мен ерекше назар аударатын мәселелер туралы ашық сөйлесуге көмектеседі.     Бұл жұмыстарымыз балабақшаның ата-анамен серіктестікте бірлескен жұмыстарды жүргізу арқылы ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін, педагогикалық бағыттылығын жоғарылатады, балалардың шығармашылық бастамаларын отбасында да дамытуға ықпал етеді.

 

Абибуллаева Зухра Абдуллаевна,
КМҚК «Баларман» балабақшасының меңгерушісі
Қызылорда қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.