Биылғы оқу жылына байланысты ертерек алдын алу жұмыстарының бірі мектепке жол бағдарламасынан бастау алып отыр, яғни Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі балаларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыруға тұрақты мониторинг жүргізу туралы хабарлар өтті. Акцияның мақсаты –балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарының тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол- көлік оқиғаларының алдын алу. Акцияның басты ұраны: « Қауіпсіз мектеп автобусы». Бұл Республикалық акция балаларға , ата – аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертеді.
Білім органдарының мәліметіне сүйенсек 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша Республикада мектебі жоқ 1492 ауылдың елді мекен бар екені және онда тасымалдауды қажет ететін мектеп жасындағы 25 703 бала тұратыны анықталып отыр.
Қазіргі таңда балаларды тасымалдайтын автокөліктердің жағдайы жіті назарға алынып отыр, оқушыларды мектепке және кері қарай үйге жеткізудің жоғары деңгейде қамтамасыз етуге тиісті шаралар қабылданды. Бұған кіретін міндеттер:
Мектепке тасымалдайтын көлік құралдарына GPS навигаторды орналастыру, көліктің ішіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысу нұсқауы болу, тозығы жеткен автокөлікті ауыстырылуы туралы мәселе қолға алынып отыр. Осы қарастырылатын мәселе мектеп оқушыларының өміріне қауіпсіз екеніне және ата – аналардың күмәнсіз қорқынышсыз жүруіне үлкен ықпалы тимек. Мектептегі басшылармен қоса ұстаздардың міндеті білім ғана беру емес, ең бірінші қауіпсіздік болып саналады. Сол себепті осы мәселе жоғары деңгейде шешіліп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Шинасилова Назым Төлегеновна
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 177 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі