Бүгін «Білім айнасы» газетінің бас редакторы Қуантай Амантайұлы іс сапармен N29 мектепке бас сұқты. Мектеп директоры Қарлығаш Тортайқызымен жолығып, пікір алмасты. Кездесу барысында 8-сыныпқа кіріп, сабақ жоспарымен таныстық.
Арнайы кадет сыныбының сабақ жоспары өзгеше. Кадет сыныбы таңғы 9 дан кешкі 5 дейін мектепте сабақ алады. Күнделікті мектеп бағдарламасынан тыс қосымша кадеттік бағыт бойынша дайындалады. Айта кетсек қоян қолтық ұрыс әрі ұрмалы аспаптарды ойнауды үйренеді.
Оқушылар арасында болашаққа жоспар құрып, бағытын анықтап қойғандар да жоқ емес. Сондай шәкірттің бірі Артықбай Әділхан болашақта мүсінші болуды мақсат еткен екен. Мүсін жасаумен 9 жасынан бастап айналысқан баланың арманы асқақ, талабы жоғары. Жас мүсіншіге фантастикалық жанрдағы кейіпкерлердің мүсінін жасаған ұнайды. Өз кезегімізде өзгеше мамандықтың тұтқасын ұстаған боз балаға табыс тіледік.
Tagged with: білім айнасы жас мүсінші Қарлығаш Тортайқызы