Home » Мақалалар » Тәуелсіздік-қастерлі, қасиетті ұғым

Тәуелсіздік-қастерлі, қасиетті ұғым

Куспанова Жанар Кумаровна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№50 «Заңғар бөбекжайының
қазақ тілі мұғалімі

 

Тәуелсіздік-қастерлі, киелі ұғым. Тәуелсіздік-қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының, қайтпас табандылығының жемісі.

Тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерді. Небір қилы заманды басынан өткерген қазақ халқының сағы сынбады. Өзінің өжет мінезінің, асқақ рухының арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Егемендігін алды. Бұл күн барлығымыз үшін қасиетті күн.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігі,еліміздің егемендігі-ең алдымен халқымыздың басына қонған бағы. Сондықтан осы басымызға қонған бақты бағалай білу үшін баланы балабақшадан бастап өз елін, жерін, Отанын сүйетін тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. №50 «Заңғар» бөбекжайында ортаңғы,ересек,мектепалды топтарында «Менің Отаным-Қазақстан», «Мен Отанымды мақтан етемін»,  «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты тақырыпта қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу қызметтері болып өтті.Баланы жастайынан  Отанын сүюге, туған жерін қадірлеуге,салт-дәстүрімізді құрметтеуге баули отырып, өскенде Отанына қалтықсыз қызмет ететін тұлға тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз.Тәуелсіздік- бабалар аңсауы,ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең,құдіретті сөз. Осындай игі шаралар арқылы еліміз рухы биік, керегесі кең мемлекет  болып қалыптаспақ. Еңсесі биік, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланын тәрбиелеу-әр ұстаздың міндеті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.