Home » Ашық сабақтар » Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалы

Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалы

 Астана қаласы. Төлеген Айбергенов атындағы
№16 орта мектеп
«Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалы»
атты сахналық  қойылымдар 6 сыныптар арасында
Жауапты мұғалім: Буркутбаева Кенжегуль Ермековна

 

Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың  өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ахмет Байтұрсыновтың  суреті, слайд , видео роликтер, плакаттар, шарлар.
/1-слайд/
1-жүргізуші: -Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай . «Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалы» атты сахналық  қойылымдарға қош келдіңіздер./2-слайд/
1-оқушы:

Жанын сала ұмтылды.

Болашақтың таңына

Қиялдап қана қойған жоқ.

Май тамызып, от берді.

Ой-сананың шамына.

Иә, қиялдап қана қоймай, жанын салып ұмтылған болашақтың таңы мен ой-сананың шамына май тамызып от берген Торғай қырандарының бірі — Ахмет Байтұрсынұлы.

2-оқушы:

Иә,Ахмет-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өзіндік дара болмысын танытқан мысалшыл,қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол шын мәніндегі нағыз күрескер-демократтық поэзияның негізін қалап, азаттыққа ұмтылған, азаматтық жыр үлгісін жасаған халқының қалаулы азаматы.

4-оқушы: Ахметтің өз өлеңдер жинағын «Маса» деп атауы да тегін емес еді. Ол ұйқыда, саясаттан тыс жатқан надан халқының құлағына маса боп ызыңдап оятуды ойлады.

Ақын арманы-» адамдық диханшысы» болып халқына қызмет ету. Ахмет бұл арманын орындады. Ол туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етті. Халқының, елінің қалаулы, сәулелі жұлдызына айналды. Шын мәнінде «адамдық диханшысы» атанды.

2-жүргізуші:

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 18 қаңтарында Торғай уезінде Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы молдадан ескіше оқып, сауатын ашады. Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы қайраттылығымен, ірі мінезділігімен аты шыққан тілді адам болған. Уезд басшыларының озбырлығына әр жерде қарсылық білдіріп отырған./3-слайд/

1-жүргізуші: 1885 жыл Ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі Сібірге 15 жылға каторглік жұмысқа айдалады. Осы оқиғаны өз көзімен көрген Ахмет 13 жастағы бала екен. Сібірге айдалып бара жатқан сорлы әке «Менің көзім ашық болса, бұл кепті кимес едім. Мендей болмаймын десең оқы!»-деп қадала айтқаны бала көкірегінде мәңгі қалды. Аталған озбырлықтың бала жүрегінде сақталған ызалы кегін есейе бастағанда жазған „Анама хат“ өлеңінде ол:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,- деген өлең шумағымен білдіреді. /4-слайд/

2-жүргізуші: Тірі жетім болып қалған Ахметті ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша-қазақша мектепте оқытады. Оны бітірген соң 1891 жылы Орынборға келіп, мұғалімдер әзірлейтін қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы тәмәмдап шығады. Бір қызығы, энциклопедиялық білімді меңгерген айтулы ғұламаның бар оқуы осы ғана. Қоғамдық қызмет пен ғылымға сонша биік көтерілген оның өз бетінше оқу арқылы осынша білім жинағанына таңданып, қайран қаласың…

Халқын жайлаған қараңғылықты тым ерте аңғарған Ахмет қызметін Ақтөбеде, Қарқаралы уездерінде, ауылдық, облыстық мектептерде мұғалім болудан бастайды. « Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым» дегенді сол кездері жазған ол ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді.Өзін » адамшылық диханшысымын» деп мақтана айтты.

2-Жүргізуші: 
“Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, “Қырық мысал”, “Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”.
3-жүргізуші: Ахмет-аудармашы
     Орыс классиктерінің мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлес қосты. А.Байтұрсынұлы А.С.Пушкиннің, И.А.Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
А.Байтұрсынұлы И.А.Крыловтан 14 мысал аударған.
1-жүргізуші: Ақынның мысалдары бойынша оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдарына кезек берейік «Қарға мен түлкі» 6 «д» жетекшісі Буркутбаева К.Е.

3-жүргізуші: Ақынның мысалдары бойынша оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдарына кезек берейік. «Егіннің бастары» 6 «д» жетекшісі Абенова К.А.

«Маймыл мен очки» 6 «г» сыныптары жетекшісі Кубентаева С.Г.

1-жүргізуші: Ақынның мысалдары бойынша оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдарына кезек берейік «Слон и моська» 6 «в» жетекшісі Баймагамбетова Л.К

3-жүргізуші: Ақынның мысалдары бойынша оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдарына кезек берейік  6 «з» the ant and the grasshopperсынып жетекшісі Смаилова Сауле Хабдуллаевна

2-жүргізуші: Ақынның мысалдары бойынша оқушылардың дайындаған сахналық қойылымдарына кезек берейік «Қасқыр мен Мысық» 6 «д» жетекшісі Тенизова

Құрметтi оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 толуына арналған  «Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалы» атты сахналық қойылымдар осымен аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.