Қаламымды көңіл күйімді білдірер жаққа бұрдым……
Кім болсада шынайы дүниеден ләззат алып, таңдана көргенін тамсана жазғанға ұмытылады емес пе! менде өзіме ерік бердім….
Қатарынан екі жыл Нұр-Сұлтан қаласындағы мектепке дейінгі білім ошақтарында ұйымдастырылатын кластер аясындағы семинарлардың куәгері болып келемін….
Балалық шаққа саяхат жасап шаттыққа бөленген сәбилердің күлкісін естіп, өз мамандығына сүйіспеншілікпен қарайтын қадірлі жандарды кездестірдім. Дәл осы мақтауымның керісінше дүниелерін,білім ордасының төрт қабырғасына сыймаған сынық жүзді қауымды көрдім. Әсілі туадан ұстаз болуға жаралған жандардың бұлай тұншыққаны басқарған меңгерушілердің біліксіздігі болар деп өзімді жұбаттым….
Қазақтың бір анасы ретінде қынжылдым. Ұрпақты сеніп тапсырар жандарда серпіліс пен шабыт болмаса құштарлық болмаса, адасқан жанның жанындағы «Гүлдеріміз» қалай жайқалмақ….
Қиялымдағы мен қызығатын балабақша қандай болуы керек??? Шығып бара жатқан кейбір балалық мекеннің сыр бейнесіне бұрылып қайта бір қарап кетуді әдетке айналдырдым. …
Өз ойыма өзім қарсы шығып жататын кезім де кездесті….
Даналардың түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар алғашқы баспалдақ- балабақша.
Қиялымдағы білім ошағы ұлттың рухани байлығын біліміне, ұстанар бағытын сарқылмас бұлақтай үлгілі тәрбиеге бұра білген адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдарды сіңіре білген тапқырлық пен шығармашылық қасиеттерді аша білетін кемелденген орта болуы керек….
Адамзаттың сарқылмас қазынасы білімді балабақша бүлдіршініне шынайылықты жеткізе білуі керек…
Жеке тұлға ретінде қалыптасатын әр ұрпақта өзіндік ой, қиял еркіндігімен сусындатса шіркін…
Желтоқсанның 13 күні күн бейнесінде жарқыраған №75 «Балалық шақ» деп өзіне шақырған білім ордасына бардық….
Қай баладан балабақшаң қандай болсын деп сұрасаң кең жарық, үлкен әдемі болса деуі сөзсіз…. Айқара ашылған есіктен балабақшаның бүкіл бейнесі көрінеді. Жарқыраған кең зал еңсесі биік шаңырақтың безендірілуі мен көркемдігіне сөз жетпейді…..
Жарқыраған жүздерімен бірдей формада киінген 18-20 жас аралығында жас педагогтар сайдың тасындай іріктелген…..
Бәсеке деген не? Өзгені осылай таңдандыра алу қабілеті, оның астарында тәжірибе мен ізденіс бастысы білім жатыр…..
Нурмаганбетова Айман Нұрсеитқызы атын мақтанышпен атауға лайық меңгеруші.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кластер бағыты бойынша өзара іс-тәжірибе алмасуын мақсат еткен семинар-практикум «Рухани жаңғыру- бала тұлғасының үйлесімді, шығармашылық және экологиялық дамуының негізі» деген тақырыпта ұйымдастырылған басқосу келген жұртты таңқалдырды.
Үш тақырыптың басын біріктірген кластер аясында рухани жаңғыра білетін «жаңашыл педагог» туған жерінің тазалығына бей жай қарамайтынын аша білді.
Жиналып жатқан қонақтардан басталмас бұрын сұқбат алған бүлдіршіндерді көргенде келгенде көңіл күйдің шыққанда қалай өзгерерін білуге деген таптырмас идея екен.
Семинарды Айман Нұрсеитқызы өзі жүргізді. Киіз үйдің пішініне ұқсас музыка залының ішінде құлаққа жағымды әуен ойнап тұрды….
Елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелеген экрандағы сұлу табиғат туған өлкеге деген әр жүректің сағынышына ұласып жатты…
«Музыка және табиғат» тауып қойылған . Сұлулық ғана тамаша әуенге шабыт берер…
Абдиров Қайрат Берікұлындай жан –жақты музыка маманын осы ұжымнан кездестірдім.. «Құмдағы өрнектер» деп өз маманы ғана көрсететін шеберлік сәтін Абайдың қыс туралы өлеңін мәнерлеп оқыта отырып, бала қиялын құмда бейнеледі. Ағайларының қасына жиналған балапандардың даусын мәнерін, сөзі қиындау келер Абайдың суреттеуін естігім келді. Қазақтың әр сөзін түсініп айтып қатесіз жеткізіп мәнерлеп айтып отыр.
Табиғатқа бұрылған балаларға шашылған қоқыстарды көрсеткенде сәби жүрек табиғатты аялау дегенді айтқызбай түсінді.
Жаңғақтардан музыка аспабын жасап алған жетекшімен бірге ритмнан шықпай ән орындап отыр….
Тамаша үйлесім шәкіртін түсіне білген ұстаз, ұстазының әр қимылым қалт жібермеген қағылез шәкірттер.
«Қимыл-қозғалыс импровизациясы» педагогикалық кинезиология ұлттық би қимылдарын көппен бірге жаттығу ретінде көрсетті. Тәрбиешілердің шапшаңдығына ілесе алмағандарымыз тамсана қарап тұрдық. Балаға да қызықты әрі жанына жақын қазақи би қимылдары үйретуде үлкен мән жатыр. Шеберлік сәтінде тәрбиешілер Жакаева Венера Ыстыбайқызы, Смағұл Аяжан Мұратбекқызы киіз басу, құрақ, тоқу, өру, түйме технологияларын көрсетті. Басқада балабақшардан кездестіріп жүрген өнер түрі болса да жеткізілуі ерекше тәрбиешілер өз бойларынан өткізіп әбден жатылған. Кеше мен бүгіннің шала ісі емес.
«Көк аспан астындағы үй» экологиялық сабақты жас тәлімгер Джунусова Мақпал Ернарқызымен ата-ана эковолонтер Кайсаева Гулбахыт Айтмухамедовна бірлесе жүргізді.
«Дене шынықтыру оқу-қызметінде инновациялық әдіс –тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында бейне көрсетілім болды. Дене шынықтыру нұсқаушылары Стекольщиков Владимир Викторович, Темирбаев Кайыргелді Сапарғалиевич тәрбиеленушілерге бірге жаңа жаттығу түрлерін үйреткен. Бастысы ойын түрінде өткен әр жаттығуды балалар үйреніп алып еш қатесіз жасағаны еңбектің жанғаны.
Семинардың қызығы ең соңында «Пакет жоқ, рахмет!» республикалық акция аясында экологияға зиянды пакеттерді қолданыстан алып тастап ата-аналары тіккен түрлі сөмкелерді балалар тағып шығып көрсетті. Әр түрлі сәндегі қол сөмкелердің түр-түрінде ата-ананың ізденісі жатыр. Үлкендігі соншалық ойыншық салар дорбаларға дейін тігіліп балабақшаға сыйға тартылған. Ғимарат ішіне арнайы көрме жасалып жиналған түрлі қолсөмкелер ілінген. Баланы қойғанда зиянды пакеттен арылуды ата-анаға түсіндіре білген педагогтардың бұл үлкен еңбегі.
Басқосудың қалай біткенін келген жұрт білмей де қалды. Ешбір үзіліссіз тыңғылықты дайындықпен жасалған бастысы шынайы жұмыстың қатысушыларға ұнағаны сонша сұранып шығып тілек білдірушілер көп болды.
Арнайы шақырылған қонақтар арасынан Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрайымы Немцан Татьяна Николаевна экологиялық бағытқа ден қойған балабақша ұжымының жұмысына оң бағасын берді. Білім беруді жаңғырту орталығынан А.Есматова жұдырықтай жұмылған ұжымға шығармашылық табыс тіледі. Нұр-Сұлтан қаласындағы көш бастаған №7 «Аққу», №87 «Қадір», №37 «Арман», №48 «Ақкөгершін», №32 «Балдәурен», № 63 «Әсем-Ай» балабақшалардың меңгерушілері Айман Дахарқызы, Ләйлә Мұратбекқызы, Рәзия Елтаевна, Ұлжан Әбенқызы, Мейрамгүл Ықыласқызы, Айда Жұманова өздерінің ізгі лебіздерін білдірді.
№95 «Алматы», №16 «Шағала», №77 «Қошақан»,№93 «Айгөлек», №46 «Самал» балабақшаларынан келген әдіскерлер мен тәрбиешілерде әріптестерінің жұмысына шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
Семинардан соң келушілер ғимарат ішін аралады. Этнолабораториялық –авторлық инновациялық технологиялар, педагогикалық кинезиология, мультистудия, игратка-В.Воскобовичтың дамытушы ойындары, «Экомектеп» жобасы бағытында ашылған білім беру орындарын көрді.
Семинарда қалыптасқан ұжымы бар балабақшалар ғана алда болар деген селді бұздым. Егер меңгерушінің қарым қабілеті жетсе кеше бітірген жас маманға қанат байлап, шабыттың шыңына шығара біледі екен. Бұл- әріптеске деген құрмет, педагог қасиетін жете түсініп біліктілігін көтеруге жұмыс жасай білу. Айман Нұрсеиқызы дәл осындай басшы.
Әріптестерінің семинарларынан қалмай үнемі ізденісте жүретін, өзгенің бойынан ерекшелік көрсе жылы тілегін білдіріп, кемшіл жері болса кеңесін айта білетін түзу ниетті жанның ойға алған әр ісі осындай боларына сенген едік. Адам үнемі өзін қамшылай түскенде ғана алға жылжыры сөзсіз. Мақтауға емес өз ісіне сын көзбен қарауға үйренген басшыға өзі «жасақтай» білген жалынды жастардан құралған ұжыммен бірге әлі талай биікті бағындыра аласыз деген сенім білдіргіміз келеді. Сөзбен емес іспен көрсеткен жеңістің әсері өшпек емес. Қайсар Берікұлының анаға арнап салған жырымен баласын баулу арқылы әр ана жүрегінен орын ала беріңіздер дейміз!
Бір сөзбен айтқанда бұл күн керемет!
Әлия Ғалымбекқызы,
«Нұр-Сұлтан», Білім айнасы.