Шуақты көктемнің жарқыраған күнінде балабақша ауласындағы ақбоз киіз үйдің маңына «Есіл сұлтандары» жиналған еді….
Жоғары дайындықпен өз дәрежесінде өткен шараның ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №78 «Асыл» балабақшасы.
Бірлікке бастап, мерекемен гүлденетін шараның тағы бірі 12 желтоқсан күні өтті. 10 ға жуық балабақшадан келген тәрбиеленушілер қатысқан «Мақтанышым –Тәуелсіз Қазақстан!» деп аталатын мәнерлеп оқу сайысы айтулы мерекенің қарсаңында ұйымдастырылды. Патриоттық тәрбие бағытында жұмыс жасап келе жатқан білім ордасының қалалық деңгейдегі байқауы семинар аясына сыйымды дүние.
Қара өлеңді жатқа оқыған 4-6 жас аралығындағы балдай балапандардың таңдап алған өлең жолдары да әр түрлі. Кейбірі ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап Абай өлеңдерін алса, кей сайыскерлер жалындаған желтоқсанның жырларын оқыды. Ұлтына, еліне арналған жыр жолдары бала үнімен жағымды естіліп жатты…..
Ойға алған істеріне өте мұқияттылықпен дайындалып, дүбірлі шараны көпке паш ету үшін емес, бала қуанышы, ата-ана мәртебесі үшін көрсететін педагог ұжымының еңбегіне осыған дейін куә болған едік.
Байқауда өздерін еркін сезініп, жүлдеден құр қалмайтын №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасынан Жексенбек Нұрхан, Амангелді Самина, №5 «Ақботадан» Абзалбек Байжігіт, Қоблан Ясмин, №35 «Ертегіден» Тоқтаубай Інжу, Марат Аймерей, №55 «Қарақаттан» Сабирбеков Азамат, №78 «Құлыншақтан» Пазик Нұриман, Елпатұлы Рауан, №77 «Қошақаннан» Ибраева Айзере, Балғабек Тамерлан, №29 «Аққайыңнан» Жексенбек Дінмұхамед, №52 «Еркетайдан» Ғабдуали Алинұр, Бабахан Раяна жеке меншік «Жанел» балабақшасынан Мырзабай Бекзат, Аккулова Жаннұр, №78 «Асыл» балабақшасынан Қызыркелді Айя, Әбілда Әнуар, Алтынбек Айлин сынға түсті.
Балабақшалардың басын біріктірген байқаудың әділқазылығына талай жылғы тәжірибесі бар №7 «Аққу», №37 «Арман», №86 «Зияткер» балабақшаларының меңгерушілері Айман Дархарқызы, Рәзия Елтаевна, Алмагүл Жеткергенқызы төрелік жасады.
Байқау желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздіктен басталып, бейбіт күнді арман еткен боздақтардың суретін алып шыққан тәуелсіз ел ұландарының мәнерлі өлеңіне ұласты….
«Білім беру ісінің үздігі» педагогтардың ақылшысы инновация әдіскері Битекбаева Мариям Сүлейменқызы ақ әженің образында ертегімен ғана тегеурінді қыран құстың тек бейбіт күннің аспанында ғана қалықтайтынын жеткізіп, Тәуелсіз елде өсіп келе жатқан ұрпақты көрсетті…
Байқау ортасында «Көңілді күн», «Тәй-тәй» әндерін Қазақстан Амира, Тойбағарова Дария тамаша орындады. Топтық ән шырқаған өрендерді жетелеп жүрген ҚР еңбек сіңірген қайраткері музыка пәнінің жетекшісі Рамазанова Ғалия Ахметбекқызы мен Самен Жолдас Қуандықұлы , би жетекшісі Альжанова Динара Тендиковна өз істерінің мамандары.
Төрт жыл бұрын ғана іргесі қаланған білім ошағын басқарып келе жатқан Махатова Ақбөпе Тұрсынқожақызы ата-аналармен ынтымақтастық орната , ұжымына бағыт-бағдар бере білетін ұйымдастырушылық қабілеті басым меңгеруші. Ұжымымен бірлесе тағы бір шараның ұйытқысы бола білді.
Көп болып жұмылар шараға үлестерін қосқан қос әдіскер Жылқыбай Гүлдана Аскербекқызы, Сагитова Салтанат Кузайфаевна тәрбиешілер Шынасылова Марал, Серік Салтанат, Г.С. Досаева, Г.Ж. Бакирбасова, Күршен Анар, Құтбергенова Маржан, Байоразова Айгүл, Наурузова Фариданың да атын атай кетеуді жөн көрдік.
Екі сағатқа созылған байқауға қатысқан барлық тәрбиеленушілерге арнайы орындар беріліп жүлдесіз қайтқан ешкім болған жоқ.
Бұл — баланың сағын сындырмаған қазылардың әділдігі.
Тәуелсіз елдегі ұл-қыздарымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілігі мол елжанды ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен ұжымның жүзеге асырып келе жатқан әр ісіне қуанамыз. Қайталаудан жалықпайтын сөзіміз абырой биігінен түспей тек алға қадам баса беріңіздер!
Әлия Ғалымбекқызы,
«Білім айнасы», Нұр-Сұлтан қаласы.