Home » Жаңалықтар » Толағай

Толағай

Баланы баптап бақпасан,

  Жамандықтан қақпасан,

  Кадірден жұрдай боп,

  Кешкенің өмір босқа тек , — дегендей, баланың ыстық, суығына күймейтін ата-ана жоқ шығар. Біздің тәрбиешілірдің ойынша, отбасындағы тәрбие  мен балабақшадағы  тәрбие  бір-бірін  толықтырып, жетілдіріп отырса ғана нәтижеге жетпек. Ол үшін бала тәрбиесі ортақ іс болғандықтан ата-аналарды да әртүрлі іс-шараларға қатыстырып, олармен бірлесе  жұмыс жасау керек. Осыны айта тұра  Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Жамбыл ауылында «Күншуақ» балабақшасында салауатты өмір сүреміз деген  ұранды ұстана отырып, «Толағай»  атты отбасылар сайысы  өткізілді. Ата-аналарды қатыстыра отырып, бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету біздің  тәрбиешілердің мақсаты деп ойлаймыз.

Балабақшаның спорттық залы  түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендірілді. Спорттық құралдар, керек заттың бәрі де орын-орына қойылды.

Тәрбиешілер Кабиева Маржан, Ахметова Айгуль және тәрбиеші көмекшісі Жунусова Гульбаршын ортаға қатысушы отбасыларды шақырып,қазылар алқасын таныстырып өтті.Бұл сайыста 12  отбасы белсенді қатысып екі топқа бөлінді  «Достық» және «Болашақ» .

Сайыс яғни спорттық іс-шара 8 кезеңнен  тұрды. Бірінші кезеңі таныстыру (топтың аты, ұраны). Келесі кезең «Құлатпай өт» сайысы, «Кенгуру», «Картопты түсірме», «Қапшық» және т.б. кезеңдер болды, ата-аналар қуана  және қызығыушылықпен қатысып  қуанышты  болды. Сайыс соныңда  топтар түрлі   номинация бойынша  марапатталды. Балаларда өздеріне тиісті сыйлықтарына, алғыс хаттарына ие болды.

Отбасы  — сыйластық, жарастық орнаған орта. Олай болса, бала тәрбиесі – күрделі, әрі бәрімізге ортақ іс, осыны ұмытпаған жөн.

                                                                                                                                              Павлодар облысы, Аққулы ауданы,

Жамбыл ауылы МҚКК «Күншуақ» балабақшасының

тәрбиешісі Ахметова Айгуль Кадыровна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.