Home » Жаңалықтар » ОНЛАЙН-АПТАЛЫҚ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОНЛАЙН-АПТАЛЫҚ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жақында Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебінде жылдағыдай дәстүрлі «Қазақ тілі мен әдебиет пәні» апталығы өтті. Бұл жолғы апталық – ғасыр ғұламалары, қазақ әдебиеті мен өнер майталмандарының, ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен нар тұлғалы батыр бабаларымыздың мерейтойларына арналды.

Мектепішілік іс-шараға 1-11 сынып оқушылары жұмылдырылды. Әр сынып ұсынылған тұлғалардың ішінен өздері таңдаған тақырыптар бойынша бескүндік апталық жоспарларын бекітті. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес, онлайн іс-шараларын әзірледі. Мектептің инстаграмм парақшасын жүргізуші Потетюрина Екатерина Михайловна мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарын күнбе-күн мектептің инстаграмм парақшасына шығарып, оқушыларға қолдау көрсетіп отырды. Орыс сыныптарының оқушылары Абай Құнанбайұлының, Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жатқа оқып, кейбір сыныптар онлайн конференциялар өткізді.

Әсіресе, әр бейнероликтеріне 44-232 қаралымға дейін жинаған 1 «Ә» сынып оқушылары апта бойы ерекше белсенділіктерімен көзге түсті. Олар Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылығын, ерлігін насихаттауға тырысты. Алғашқы күнді батыр аталарының рухына арналған арнау өлеңнен бастады. Келесі күндері батырдың өмірбаяны мен нақыл сөздерін жатқа айтып, өздеріне ұнаған фотосуреттерінен онлайн-көрме ұйымдастырды. Апталықтың соңғы күні шығармашылық жұмыстарын «Менің Көкбайрағым!» атты онлайн-флешмобпен қорытындыланды.

Мектеп табалдырығын жақында ғана аттаған бастауыш сынып оқушыларының жауапкершілігі мен белсенділігіне ата-аналар да, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Батталова Нұргүл Қайсанқызы да риза болысып, алғыстарын білдірді.

Айгүл Молдаш,
Павлодар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.