Home » Жаңалықтар » АҢДАТПА!

АҢДАТПА!

Құрметті БАҚ өкілдері!

21 қараша күні Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетте Алматы қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жоба аясында халықаралық деңгейдегі іс-шара өтеді. Іс-шара шеңберінде отандық мектепке дейінгі білім беру саласының мамандары мен Венгриядан келген шетелдік сарапшылар білім саласындағы мамандарды даярлау жөнінде ойын талқыға салмақ.

Диалог барысында шетелдік мамандар өз тәжірибесін бөліссе, СДУ ұстаздары мен балабақша меңгерушілері заманауи педагогтердің білім сапасын арттырып, кәсіби машықтарын жетілдірудің өзекті проблемаларын талқылайды.

Айта кету керек, шара Алматы қаласында мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меңгерушілері мен әдіскерлерінің  кәсіби және басқару деңгейін арттыруға бағытталған жоба аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған жобаның басты мақсаты – мамандардың кәсіби машығы мен біліктілігін жетілдіру, сонымен бірге Алматы қаласындағы мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау жүйесін енгізу. Жоба Алматы қалалық білім басқармасының мұрындық болуымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жоба қаланың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары шеңберінде жаңа әрі сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға сеп болады.

Оқыту курсы 2 қарашада басталып, желтоқсанға дейін жалғаспақ. Оның шеңберінде мегаполистің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 50 меңгерушісі мен 50 әдіскері жаңа білім алып жатыр. Екі айлық курс мектепке дейінгі білім беру жүйесінде енгізіліп жатқан Мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің жаңа моделі аясында меңгерушілердің кәсіби әрі басқару біліктіліктерін жетілдіруге бағытталып отыр.

Одан бөлек курсқа қатысушылар білім беру сапасын бағалау және жақсартуға арналған ECERS-3 инструментариін қолдану тәсілдерімен танысты.

Оқу бағдарламасын жасауға сертификатталған отандық сарапшылардан бөлек, мектепке дейінгі білім беру саласындағы шетел эксперттері де қатысты. Оқу барысында Аустралия, Италия, Швеция, Финляндия, Сингапур, Польша, Малайзия, Венгрия сынды бірқатар елдің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері келіп, тәжірибесін бөлісті.

 

Байланыс ақпараты үшін:
Күзербаева Айтолқын,
+ 7 701 690 5777

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.