Home » Айтарым бар » КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ ҚАБІЛЕТТІ ДҰРЫС БАҒЫТТАУ

КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ ҚАБІЛЕТТІ ДҰРЫС БАҒЫТТАУ

 Таукебаева Кунсулу Сатхановна,
т.ғ.к., қауым.профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
 Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру процесін
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
кафедрасының меңгерушісі

 Бұгінгі күні мектеп жасынан оқушылардың  жаңа болмысын қалыптастыру, жастардың  кәсіпкерлік сапасын арттыру заман талабына айналып отыр.
Жастарды кәсіпкерлікке бағыттау қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жастардың білімі уақыт талабына сай болған жағдайда өз кәсібін ашып, өз жетістігін ел-жұртына таныта алады. Мен жастардың үлгі тұтарлық жақсы кәсіпкерлік қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Осы көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына Жолдауында айтып өтті.
Осы ретте айтпа кететін жайт, жалпы білім беретін мектептерде 10-11 сынып оқушыларына «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады. Жаңа элективті пән ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен әзірленіп, мектептің оқу бағдарламасына енгізілді. «Кәсіпкерлік негіздері» пəннің ерекшелігі оқушыларға əртүрлі өнер түрлерін зерделеу,шығармашылық идеяларды дамыту кәсіпті қалай бастау керектігін анықтау, іскерлік сауаттылықты арттыру, бала бойында тұлғалық қасиеттерді жетілдіру арқылы жасөспірімдерді бизнеске баулу қарастырылған. Кәсіпкерлік пәні қандай нәтижеге қол  жеткізеді? Деген мәселе төңірегінде ой түйіндейтін болсақ, олар мына нәтижелерге қол жеткізуге жетелейді: бизнес жайлы ой-өрісін кеңейтуге; оқушылардың өзіндік пікірі мен көзқарасын қалыптастыруға; сын тұрғысынан ойлауға; шығармашылық қабілеттерін дамытуға; бизнеске қатысты  факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға және жастардың кəсіби қызметін нақты анықтауға, таңдау негізін қалайды.
Сондай-ақ, баланың бойындағы іскерлік қабілетті қалай жұмсау мәселелері назарға алынады. Бизнесмен болуды қалаған жастар тәуелсіз, бай-қуатты өмір сүргісі келеді. Оған не түрткі болады? Біріншіден, нарықтық экономика, екіншіден, жеке таңдау. Жастар тәуекелге баруға қорықпайды, көбіне стандартты емес шешімдер ұсынады. Демек, осы қиялдау мен идеяларды кәсіпкерліпен сабақтап, рационалды формаға салған бизнес сауаттылығын арттырған Сатханова Әселге тоқталайын: «Бизнес бастау кәсіпкерлік мектебі», «Аламан»  курсында бизнесті заманауи  маркетинг құралдары арқылы жүйелеу бойынша білім алып Тараз қаласында жеке кәсібін дөңгелетіп кетті.

Сатханова Әсел тәжірибелік іс-әрекеттерді істей алу дағдылары меңгеріп, шикізаттарды өңдеудің тиімді озық әдістерін қолданып кондитерлік өнімдердің технологиялық үрдістерді ұйымдастырып жүргізіп отыр.  Қорыта келе айтарым, бизнес жолын қалаған жастарымыз тәуелсіз бай-қуатты өмір сүрудің  кыр-сырын үйреніп, өз елінің дамуына үлесін қоссын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.