Акбаева Жанна Баккельдиевна
Алматы қаласы, Медеу ауданы,
№8 балалар музыка мектебі
Қосымша білім беру ұйымы
Қобыз, домбыра оқытушысы
Домбыра – қазақтың ішекті, музыкалық халық аспабы. Шанағы көбінесе алмұрт тәрізді болып келеді, мойыны ұзын, пернелермен бөлінген. Домбыра халқымыздың жан серігі, оның тарихын, тағдыры мен тілін, қоғамдық және рухани өнері мен салт – санасын, тұрмысы мен әдет – ғұрпын айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. Домбыра өнері күй дәстүрінің өркендеуі ата – баба дәстүрінің кәсібін дамытып, әрбір баланың өнер арқылы білімге, терең ойға, өз бойындағы қабілетін шыңдауға мүмкіншілік туғызады.
Домбыра тарту сабырлыққа, жауапкершілікке міндеттеп, алға қойған мақсатына жете білуге талпындырады.
Домбыра – қазақтың халық аспабы. Домбыра – қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Домбыраның қоңыр үні жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасуға мүмкіндік береді.
Домбыра адам бойында 9 түрлі әдет-ғұрып қасиеттерін қалыптастырады:
— Ақыл-ой өрісін дамытып, терең ойлануға;
— Тәртіптілікке, мәдениеттілікке;
— Әдептілікке, ізеттілікке;
— Төзімділікке, сабрлылыққа;
— Еңбекқорлыққа, мақсатқа қол жеткізуге;
— Саяхат және туған өлкені қастерлеуге;
— Батырлыққа, тез арада дұрыс шешім қабылдауға:
— Жігер-намысты шыңдауға;
— Рухани — адамгершілікке тәрбиелейді.Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын.Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылықтарын жойған емес.Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп білу, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың парызы.Бала тәрбиесіне көңіл бөлу – қай заманнан да келе жатқан құбылыс. Қазіргі кезеңде ұстаздар қауымының алдына қойылатын міндет – жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру және осы мақсатта ұлтымыздың ұлы мұраларын жаңғырту, яғни, ұлттық құндылықты бойына сіңіру. Домбыра аспабында орындалатын ұлттық нақыштағы қазақтың күйлерін үйрету өте маңызды.Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы, т.б. келеңсіз көріністерге баруы – жасыратын жағдай емес. Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында домбыра, қобыз сияқты үйірмелерге қатысса нұр үстіне нұр болушы еді. Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру – жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.Домбыраның қоңыр үні жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Дархан даламыздың кеңдігіндей мейірім шуағы мол, қазақ күйлері жастардың бойына мейірімділік жылуын таратады.
Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын — азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері — халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық болып қала береді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
Құрманбаева М. «Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу». – Бастауыш мектеп,№1.2005ж.