Home » Мақалалар » Әке балаға сыншы

Әке балаға сыншы

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 108 жалпы білім беретін
мектебінің мұғалімі
Намазбаев Мұқаш

Әкелер күні әлемнің бірнеше елінде кең ауқымда тойланады. Жыл сайын жаздың үшінші жексенбісінде әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әкелер күні өткізіліп тұрады
Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.Ер бала әкесiмен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бiр әрекет жасау үшiн әуелi әкесiмен сырласады. Ер баланың өсiп, жетiлiп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенiң атқарар еңбегi ерекше. Қазақ халқында «Бiр бала бар — атадан өте туады, бiр бала бар — керi кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негiз қалайтын да әкенiң өзi. Әке, қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн нағыз ер жiгiт өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Бұл, әке өз баласына ең жақсы деген тәлiм-тәрбие берем десе өзiнiң зиянды дағдыларынан бас тартып, өз тәртiбiн мұқият қадағалайды деген сөз.
Құлпырып өсiп келе жатқан жас ұрпаққа әкесiне деген шексiз махаббат қана емес, одан басқа жетелейтiн шексiз құрмет, сыйластық болған өте маңызды. Әкесiнiң жүзу, мылтықпен ату, отын жару бiлуi. Жалақысының жеткiлiктiлiгi. Сабырлық сақтау қабiлетi. Осылардың бәрiн есте сақтап, бала өсе келе әкесiнiң соңынан тәртiбiн ғана емес, сонымен қатар киiм киюiн, түр-сипатын, жүрiс-тұрысын бәрiн қайталайды. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл — береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір — шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала — шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас — қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әке тәрбиесін көрген адамның өмірге деген көзқарасы, сана сезімі жоғары дәрежеде дамиды деп ойлаймын. Менің ойымша, ұл бала тәлім –тәрбиені әкеден алғаны жөн. Әке тәрбиесін көрген бала ешқашанда жаман болмас. Сол себептен де, балалар, бәріміз де әкелерімізді құрметтейік! Қадірлеп-қастерлейік, сыйлайық, ардақты, теңдесі жоқ, асыл әкелерімізді!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.