Home » Мақалалар » Әке – асқар тау

Әке – асқар тау

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№ 108 жалпы білім беретін мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Суранчиев Мади
Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бүкіл әлем болып, 21 маусым күні Халықаралық әкелер күнін тойлайды.Қазақстанда бұл мереке енді қолға алынып жатыр. Аталмыш мерекенің мақсаты бала тәрбиесіне әкелердің араласуына мүмкіндік жасау. Дегенменде, әр шаңырақта әкенің орны ерекше.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.
Қазақ отбасында ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.
Әр бала әкесіне қарап отырып, өмірдің ғажап сәттерін сезінеді. Әке асқар тау, ана аққан бұлақ, бала яғни, біздер жағасындағы құрақ дегендей, әр баланың өмірге деген қанаттарын қатайтып, осы өмірдегі өз орындарын табуға көмек көрсетуші тау тұлғалар олар ата-анаң. Әкенің өмірдегі кездесетін қиындықтарға мойымай қарсы тұра алатын қасиеттерін, үлкенді сыйлауға деген, өзінен кішілерге қамқор болуды,айналасындағы қоршаған ортаға деген сыйлы қарым-қатынасын көзбен көріп, жүрекпен сезініп өскен ұл мен қыздың болашағы жарқын болатыны анық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.