Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№108 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі мұғалім
Раз Гүлнұр
Халықаралық әкелер күнін әлемнің 52 елі мусымның үшінші жексенбісінде атап өтеді. Жалпы әкелер күні ХХ ғасырдың басынан бері аталып келе жатыр. Бұл күні отбаслық кештер әке мен балаға арналады, сонымен бірге ұрпақтың құрметі ретінде жасы үлкен ер адамдарға құрмет көрсетіліп, еске алу кештері ұйымдастырылады. Сонымен бұл күні әкелер балалары тарапынан үлкен құрметке ие болады.. Бұл өте игілікті іс, бірақ ата –анаға құрметті мереке күні ғана ескермей, күнделікті дағдымызға айналса құба –құп болар еді. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.
«Әке — бәйтерек» дейміз. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау — әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш — жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. қарап отырсақ әкенің де түр — түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы керек.Әкелер аман болсын!