Home » Мақалалар » Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

 
Куспанова Жанат Рымгалиевна
 Алматы қаласыТүрксіб ауданы
КМҚК №187   бөбекжай-балабақшасы
«Хантәңір» мектепалды тобының
тәрбиешісі

Мұражайға саяхат

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге ұлттық тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгінде әлемдік  кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылған еліміз үшін де ұлттық тәрбие маңызды индикатор болып табылады.
Ата-бабаларымыз өздерінің отбасылық тәжірибесінде ұрпағын елін, жерін сүюге тәрбиелеген, ұлттық салт-дәстүр арқылы  адами құндылықтарды дарытуға тырысқан. Ғасырлар бойы тәрбиенің қайнар көзіне айналған  рухани құндылықтар бүгінгі күнге жетті. Қанша жылдар өтсе де тәрбиенің бесігіне айналған қазақ елінің тарихы мен мәдениеті ұмытылған емес. Ұлттық қазынаның арқасында жас ұрпақтың бойына құнды қасиеттерді дамытуға тырысты. Адал, ақкөңіл, еркін ұрпақ тәрбиеледі. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың маңызы ерекше.

Тарихтың даму тенденциясы өзгерген сайын адамның ең маңызды құндылығы адамгершілік екенін дәлелдей түседі. Қай ғасырды алсақ та, адамның бойындағы адамгершілік қасиеттер жойылған емес. Бұл салада халқымыздың тәжірибесі орасан зор. Адамгершілік қағидасы, отбасы құндылығы, қарым-ққатынас мәдениеті халқымыздың батырлар жырында, эпостық әңгімелерінде, поэзия жанрында, ауыз әдебиетінде көрініс тапты. Сөйтіп олар көшпенді мәдениетінде пайдаланды. Бірнеше ұрпақ осы сабақтастық пен үйлесімділікті жалғастырды. Осы құндылықтарды бала бойына сіңіру мақсатында Алматы қаласының мұражайына саяхат жасалды. Мақсаты: Баланың тарихи, мәдени көзқарасын қалыптастыру арқылы отанға, елге деген сүйіспеншілігін дамыту. Себебі, мұражай — кешегі тарих, бүгінгі мәдени ошақ болып табылады. Өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған, тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.

    
Алматы музейі 2001 жылы ашылған. Бүгінде ол Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық. Верный балалар үйінің бұрынғы ғимаратында орналасқан Алматы мұражайы Қазақстан тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Мұражайда «Ежелгі Алматы тарихы», «Ортағасырдағы Алматы тарихы», «Қазақ мемлекеттігінің бастауында», «Жетісу этнографиясы», «Алматы тарихының Верный кезеңі», «ХХ ғасырдағы Алматы», «Мәдениет пен өнерді дамыту», «Альпинизм тарихы», «Желтоқсан», «Бейбітшілік пен келісім моделі» тәрізді 11 дәуірді қамтитын 40 мыңнан астам экспонат қойылған. Онда мәдени, ұлттық, шығармашылық мұралар сақталған. Балалар тарихи мұраларға қызығушылықпен қарап, өздерінің тарихи санасын қалыптастырды. Бірнеше жылдар бойы сақталған экспонанттар еліміздің тарихи даму тенденциясынан мағлұмат береді. Алматы музейі 9 негізгі залдан тұрады. Алматы қаласының пайда болу тарихы, Ұлы жібек жолы, халықтың қалаға қоныстануы, шаруашылығы, этнографиялық мәдениеті т.б. Ежелгі халықтың тұрмыс-тіршілігінен тарихи мағлұмат алған балалар мәліметтерді зейін қоя тыңдады. Тарихи мәліметтер, суреттер, тарихи көрмелер сол заманның шынайы бейнесін көрсетеді.

    

Экспонанттардағы ерте кезеңде тастан, мыстан жасалған бұйымдар тарихи ескерткішті бейнелейді. Музейдегі тарих тұңғиығынан сыр шерткен жәдігерлер – халқымыздың ата мұрасын, асыл қасиеттері туралы құнды мәлімет болып табылады. Осы жәдігерлер арқылы ата-бабаларымыздың ғасырлар бойындағы тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін танып білуге болады. Сондықтан да жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу үшін музейге апару маңызды. Себебі, музей балалар көздерімен көру арқылы тарихи, мәдени, эстетикалық дағдыны қалыптастырады.

Ұрпақ тәрбиесі қай елдің, қай ұлттың, қай кезеңнің болмасын негізгі мәселелерінің бірі болып қала бермек. Осы тұста халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесіне сүйенген жөн. Ол үшін ұлтымыздың салт-дәстүрімен, тілімен, шаруашылығымен, жалпы тарихымен қоғамның даму кезеңдеріне қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қастерлі мұрасын өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, оқу-тәрбие жұмыстарына негіз етіп алғанда ғана нәтиже береді.

     
Музей қызметкері мұражайдағы тарихи мағлұматтарды балаларға түсіндірді.

Қазіргі уақытта ересектер де, балалар да бір-бірінен гөрі гаджеттермен көбірек уақыт өткізеді. Бұл балалардың өз-өзінен шеттетілуіне, жабылуына әкеледі. Сондықтан балабақшада балаларды жанды қарым-қатынасқа үйрету, олардың бойында қоғамдастық сезімін, достық атмосферасын және бір-біріне көмектесуді үйрету өте маңызды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балаларды музейге апарудың маңызы ерекше. Олар тарихи жәдігерлерді көздерімен көріп, заттар, құбылыстар туралы алғашқы түсініктері қалыптасады.

Қорыта айтқанда қазақ халқының болмыс-бітімін, асыл мұраларын, ұмыт болған тарихын қазіргі ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санасына сіңіретін, сонымен қатар, ел тарихын барша әлемге паш ететін, шет елден келген қонақтарды өзінің әсемдігі мен жүйелілігі арқылы таңқалдыратын мекеменің бірі -мұражай болып табылады. Мұражай қорында жинақталған мұралармен танысу, тәрбие, білім беру үрдісінде балаларға нағыз ұлттық білім негіздерін беруге мүмкіндік тудырады деп санаймыз. Ол мүмкіндікті, біз, балабақша мен мұражай арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесінде пайдалана аламыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.