Алиева Бағила Құралбайқызы.
Алматы қаласы
Жетісу ауданы
КМҚК №169 бөбекжай балабақша меңгерушісі
Ашық ұйымдастырлған оқу-іс-әрекеті.
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық құндылықтарын бала бойына дәріптеу.»
Алматы қаласы Жетісу ауданы
КМҚК “N169 бөбекжай — балабақшасы”
Қазақстан Республикасы Оку — ағарту министрірлігінің 2023 жылғы
1 шілдедегі N192 бұйрығына сәйкес озық педагогикалық тәжірбиені тарату және енгізу бойынша құрылған құзыреттілік орталыққа арналған жылдық жоспар бойынша
26.04.2024 ж “Қазақтың ұлттық құндылықтарын бала бойына дәріптеу” тақырыбында “Қарлығаш” мектепалды тобынын тәрбиеленушілері қалалық семинар өткізді.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарын, ұлттық бұйымдарын үйрете отырып, бала бойына сіңіру.
Семинар қонақтары:
Қалалық әдістемелік бөлім басшысы: Тумаева Раушан Қабдолдаевна
Жетісу Аудандық Білім бөлімінің бас маманы: Гүлшарат Қойшыбаевна.
Аудандық әдістемелік бөлімі: Алипова Айгүл Амантаевна
Аудан әдіскерлері мен қалалық бөбекжай — балабақша тәрбиешілері.
Балабақша тәрбиешілері ұйымдастырған:
“ Шеберлік класттар”
Музыка жетекшісінің орындауында әсем әні мен тәрбиешілеріміздің мың бұрала биін тамашалады.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық бұйымдарының аттарын үйрете отырып, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру. Ұлттық құндылықтарды балабақшада кішкентай күндерінен бастап бойларына сіңіріп тәрбиелесек, ертеңгі еліміздің болашағы тірегі мықты болады деп сенеміз.
Жылулық шеңбері: Кәне, кәне тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық.
Керегені көтеріп,
Уықтарша иіліп.
Киіз үйді құрайық
Киелі киіз үйді бір-біріне ұсына отырып, өз тілектерін айтады.
Ғажайып сәт: Музыка ойнап алдар көсе келеді.
Алдар көсе: Мен Алдармын Алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ
Мендей қулық жұрта жоқ-деп келе жатып бір топ балаларға кездеседі.
Алдар Көсе: Сәлеметсіңдерме балалар,
Тәрбиеші мен балалар: Сәлеметсізбе Алдар көсе. Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
Алдар көсе: мен сендерді іздеп келе жатырмын, ою ханшайымы сендерді тауып мына хатты беруімді өтінді-тәрбиешіге хатты береді.
Ал мен ары қарай өз әнімді айтып, өз еліме қайтайын- деп кетеді.
Тәрбиеші хатты ашып оқиды: «Балалар мені Жою хан өз жайлауында қамап ұстап отыр , сендер мені құтқара аласыңдарма?»
Тәрбиеші: Балалар не істейміз Ою ханшайымын құтқаруға барамызба?
Балалар: Иә, барамыз, құтқарамыз.
Тәрбиеші: Ендеше біз сиқырлы кілемге отырып, Жою ханның жайлауына Ою ханшайымын құтқаруға барайық.
Барлығы сиқырлы кілемшеге отырады, сиқырлы әуен ойнап жайлауға келеді.
Жайлауға жеткенде алдыларынан Жою хан шығады.
Жою хан: Сендер бұл жақта не істеп жүрсіңдер, менің қаһарыыма тимей қайтыңдар.
Балалар: Біз Ою ханшайымын құтқаруға келдік.
Жою хан: Сендер оны құтқара алмайсыңдар, мен оны бес қабат құлпының астына қамап қойдым.
Тәрбиеші: Жою хан сіздің тапсырмаларыңызды орындаймыз.
Жою хан: Менің тапсырмаларым өте қиын егер орындай алсаңдар Ою ханшайымын жіберейін.
- Тапсырма: «Сиқырлы алаң»
Ойын шарты: текшенілақтырады, сәйкес келген асықты ашып астында жасырылған ұлттық бұйымдарға сипаттама береді.
Тәрбиеші: Балалар біз ұлттық аспаптар мен ұлттық киімдерді қай кезде пайдаланамыз?
Балалар: ұлттық мерекелерде, ұлттық билерді билегенде.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар,ендеше бізге кішкентай бишілер «Асықтар» биімен келіпті, кәне қарсы алып өнерлерін тамашалайық.
Тәрбиеші: Қандай керемет, әдемі билерің үшін рақмет ал біз ары қарай Ою ханшайымын іздеуімізді жалғастырайық.
Барлығы киіз үйге келеді.
2-тапсырма: Балалар киіз үйге келгенде екі әже қарсы алады. Балалармен амандасып жандарына отырғызады.
Әже: Балалар сендер бізге құрт жайып көмектесесіңдерме?
Балалар: Иә көмектесеміз.
1 Әже: Балалар сендер құртты неден жасайтынын білесіңдерме? –деп құрт жайлы мағлұмат береді.
2 Әже келіге тары түйіп, жасалған талқан туралы мағлұмат беріп өтеді.
3-тапсырма: Ұлттық ойындар. «Ханталапай», «Асық ату» әженің немересі ұлдармен ойнайды.
4 тапсырма. «Аспаптың атын тап!»
Үстел үстінде ұлттыұ аспаптар тұрады, балалар берілген музыкалық аспаптардың атын атап, олар туралы тақпақтар айтады.
Ернар: Домбырадай мұраны
Қастерлеуге тұрады
Сонда жатыр даланың
Үніменен ұраны
Дыбысы оның мың сырлы
Бал-бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат –ақ
Ол аспаптың бір түрі.
Ерасыл: Жорғалатқан жетіген
Сыбызғы үні лекіген
Сызылтады қылқобыз
Шалып ойнар шаңқобыз
Тоқылдайды тоқылдақ
Асатаяқ, тайтұяқ
Тәрбиеші: Жақсы балалар енді осы аспаптар туралы мақал кім біледі?
Айбек: Талқан жеп отырып, сыбызғы тарта алмайсыңМейірім: Қобызшы қобызшыны көрсе, қолы қалтырайды.
Тәрбиеші: Жақсы балалар ал енді айтыңдаршы осы музыкалық аспаптар не үшін керек?
Балалар: Ән айтып, әуен ойнау үшін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, ендеше біздің бақшамыздың бүлдіршіндерінің орындауында «Ұлттық аспаптар» ансамбілін қарсы алайық.
4-тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына жер ою әлемі екен. Сендер оюдың не үшін керек екенін білесіңдерме?
Балалар: Киімдерді, ұлттық бұйымдарды, киіз үйді әсемдеу үшін.
Тәрбиеші: Ия балалар қазақ халқы ежелден оюларды өз үйлерін, киімдерін, аяқ киімдерін, бұйымдары, асыл заттарын әсемдеу үшін пайдаланған.
Оюдың түрлері өте көп балалар. Қазақ халқы табиғаттың әр құбылысынан әдемілікті көре білген, осылайша қошқардың мүйізіне ұқсатып, «Қошқар мүйіз» қырық мүйіз, арқар мүйіз болып түрленіп отырады, түйенің табанының ізіне қарап « Түйетабан» құс қанаты, төрт құлақ, т.б. көптеген ою түрлерін ойлап тапқан.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар ендеше осы оюлар туралы тақпақ білесіңдерме?
Зере: Көптеген оюы бар қазақтың
Бүгін міне, азат жыл да, азат күн.
Азаттықта айырылып қалмайық,
Оюларды қоқыстарға салмайық
Мадияр: Қазақтың оюлары, оюлары.
Даладай бояулары қою бәрі
Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш
Жарайды көрмелерге қоюға әлі
Асылым: Түрін-ай текеметтің асыл қандай
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай
«Келе ғой қошақаным өзіме»-деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
1-топ: Оюды бояйды.
2-топ Оюға моншақ жапсырады.
Балалар жасаған жұмыстарын Жою ханға ұсынады.
Жою хан: Балалар сендер сондай тапқыр, сондай өнерлі екенсіңдер. Оюдың қазақ халқының тұрмысында, өмірінде алатын орны зор екенін ұғындырдыңдар. Менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Мен көмекшілеріме айтайын, Ою ханшайымын алып келсін.
Биші қыздар Ою Ханшайымын алып шығады.
Ою ханшайымы: Балалар сендер менің өтінішіме құлақ асып мені құтқарғандарыңа көп рақмет. Сендердің арқаларыңда кеінгі ұрпақ оюдың бар екенін, қазақ халқының өміренде алатын орны бөлек екекнін біліп өседі. Сендерге көп рақмет.
Тәрбиеші: Жақсы балалар ендеше біз өзімізгі берілген тапсырманың барлығын орындап ою ханшайымын босаттық, енді сиқырлы кілемшеге отырып бақшамызға қайтайық.
Кілемшеге отырады, сиқырлы әуен ойнап, бақшаларына келеді.
Қорытынды сұрақ- жауап:
Тәрбиеші: Балалар біз қайда бардық?
Балалар: Жою ханның жайлауына Ою ханшайымын құтқаруға бардық.
Тәрбиеші: Онда қандай тапсырмалар орындап, кімдерге кездестік?
Балалар: «Сиқырлы алаң» ойынын ойнадық. Әжелермен құрт жайып, ұлттық ойындар ойнадық. Оюларды әшекейлеп, Ою ханшайымын құтқардық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше келген қонақтармен қоштасып, өз тобымызға қайтайық.