Боранбаева Нағима Рустемқызы
Алматы қаласы Жетісу ауданы
КМҚК “№175 бөбекжай балабақша
меңгеруші
Асығың алшысынан түссін
Алматы қаласы Жетісу ауданы №175 балабақшада «Дене шынықтыру” ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша мектепалды “Қарлығаш тобының бүлдіршіндері мен ата-аналары бірігіп өткізген “Асығың алшысынан түссін” атты спорттық сайыс-аудандық семинар көлемінде өтті. Мақсаты:Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы балалардың денсаулығын нығайту. Балалардың икемділік,ептілік,төзімділік қасиеттері дами отырып,қазақи құндылықтарды ұмытпайтын ізбасар ұрпақ тәрбиелеу.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы балалардың денсаулығын нығайту. Қазақтың
көнерген ұлттық ойындарын ойната отырып балалардың қимыз-қозғалыстарын арттыру. Балалардың икемділік, ептілік, төзімділік қасиеттерін дамыту. Қазақтың ұлттық ойындарын ұмытпай есте сақтауға тәрбиелеу. Түрі: өзара тәжірибе алмасу
Керекті құрал – жабдықтар: асық, тақырыпқа сай банер, кедергілер, арқан. 1.Мотивациялық — қозғаушылық кезеңі:
Балалар саппен кіреді. Бір қатарда тұрады. Ән ұран
дене шынықтыру нұсқау береді. Сол кезде балалар өлең жолдарын айтады. Батыр біздер боламыз, Ержүрек пен қайсарлықпен толысқан
Батыр біздер баламыз, Күш қайратты жеңімпаз. Сәлем, сәлем баршаға!
Сәлем дейміз тағы да!
Дене шынықтырушы:
-Жарайсыңдар, балалар! Сендердей мықты, батыл балалармен бүгінгі іс – әрекетімізді ерекше
қылып өткізгім келіп тұр. Ендеше, іс – әрекетімізге денемізді қызыдырып алсақ қайтеді? Қалай
қарайсыңдар? Дайынсыңдар ма?
Балалар:
-Әрине, дайынбыз!
(Осы кезде Саққұлақ кіріп келеді). Саққұлақ:
-Сонау алыстан сендердің дауыстарыңды естіп, тың — тыңдап келдім. Мен – Саққұлақпын. Менің
құлағым соншалықты үлкен, тіпті Алыс қашықтықтағы дыбыстар мен дауыстарды ести аламын. Мен сияқты жердің астындағы дыбыстарды естігілерің келеді ме?
Балалар: -Иә. Саққұлақ:
-Ендеше, менің артымнан жүріңдер!
(Жерге отыра қалып, құлағын жерге тосады, жүруді жалғастырады, қайтадан жер асты
дыбыстарын тыңдайды). Қимылға сәйкес әуен қойылады. Дене шынықтырушы:
-Балалар, енді сендерде Саққұлақ сияқты алыстан хабар алуды үйрендіңдер. Міне, батыл бала
екендеріңді тағы да бір дәлелдедіңдер!
(Әуенмен Таусоғар кіріп келеді). -Мына бір дәу тасты итеріп келе жатсам, алдынан Саққұлақ тың – тыңдап кетіп барады екен. Соның жолымен жүріп келіп, осында тап болдым. Тау мен тауды соғатын, алып күштің иесі – Таусоғар мен боламын. Ал, мына жер таныс болмай тұрғаны. Дене шынықтырушы:
Сәлеметсіз бе, Таусоғар! Бүгін бізде денемізді шынықтыратын іс – әрекеті өтіп жатыр. Сіздің
келгеніңіз қандай жақсы болды. Қандай алып күштің иесі екендігіңізді балаларға көрсетсеңіз
қайтеді?
Таусоғар:
-Ал, кеттік, ендеше! Балалар, тауды қопаруға, дәу тасты итеруге дайынсыңдар ма?
Балалар: -Иә, дайынбыз!
(Кедергінің арасымен тау мен тауды соғатын жүреді). (Әуенмен Желаяқ кіріп келеді желаяқ өзімен бірге ата аналарды ала кіреді). Желаяқ:
-Сонша жерді жүгіріп, зытып келдім. Жан – жағыма қарамай жүгіргенім соншалық, алысқа кетіп
қалғаным – ау шамасы! Жолдан адамдар көріп ертіп келедім
Дене шынықтырушы:
-Желаяқ, сіз межеге жеттіңіз! Жылдам жүгіріспен келе жатып, балалардың ортасына тап болдыңыз!
Өзіңізбен қосып адамдар әкелгенсіз Ендеше, балаларға қалай жылдам жүгіруге, жылдам қимылдау
ға болатынын көрсетесіз бе?
Желаяқ:
— Әрине, зу ете қалатын жүгіріспен жүгірейік, балалар! Менің артымнан тұрыңдар! Мен белгі
бергенде бастаймыз!
Зал ішінде бір қатарлы саппен тізбектеле жүгіреді. Желаяқ:
-Уф, шаршадым! – деп жерге отыра қалады. Саққұлақ:
-Желаяқ, жүгіргеннен кейін міндетті түрде, тыныс алу жаттығуларын жасау керек, қане тұр!
Бізбен бірге қайтала!
Дене шынықтыру:
Желаяқ Дене шынықтыру іс – әрекетіміз өтіп жатыр. Сіздің достарыңыз да осы жерде, біздің
балалар да тыныс алу жаттығуларын жасайды. Желаяқ Таусоғар Саққұлақ бірге тыныс алу
жаттығуларын жасймыз ба?
Балалар:
-Иә, әрине жасаймыз. (бәрін бірге тынысалу жаттығуларын жасайды). 2. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Желаяқ:
-Балалар, менің аяғым ерекше бір қимылды қалап тұрған сияқты. Мммм… (ойланып қалады)
Саққұлақ :
-Мен бір шешімін білемін. Желаяқ:
-Ол қандай шешім?
Таусоғар :
-Дене қозғайтын жалпы дамыту жаттығуларын жасайық!
Желаяқ:
-Ооо, міне, міне! Ендеше, балалар жалпы дамыту жаттығуларын бимен орындайық! Қалай
қарайсыңдар? Келісесіңдер ме?
Балалар: -Иә, әрине келісемін. Дене шынықтырушы
Ал балалар ойынымызды бастамас бұрын бізге қонаққа бүлдіршіндер келіп тұр.
«Асық» биі
Таусоғар:
Мына би – жаттығу денемізді шынықтырып жіберді –ау! Ендеше, менің қоржынымда бір ойын
бар. Сол ойынды бірге ойнасақ қайтеді, балалар?
Дене шынықтырушы:
-Әрине, келісеміз. Біздің мықты балалар мен ата аналар әрдайым дайын, солай емес пе! Балалар
және ата аналар екі топқа бөлінеміз Жасыл дар мен ақтар командасы болып. Балалар:
-Иә, дайынбыз!
Қимылды ойын. 1.«Арқан тартыс» қазақтың ұлттық ойыны. Бірінші балалар тартыс ады. Ата аналар тартыс ады. 3. Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі:
Саққұлақ:
-Менің де қоржынымда бір ойын бар. Келіңдер, балалар және ата аналар бірге ойнайық!
2.«Жылдамдықпен құрастыр»
Ойын шарты: Балалар жарысады, кедергілерден өтіп столда ұлттық ойындарды құрастырып, қандай ойын екенін
Таусоғар: Жарайсыңдар менім қоржынымдада ойындар бар. Дайынсыздарма
3.«Теңге алу»
Ойын шартын: анасы мен баласы шеңбермен келіп, қаптарды ортаға лақтырып кезекпен ауысып
отырад. Дене шынықтырушы:
Екі команда ата аналарымен балалар келесі ойынымыз
4.Ойын: «Асық ату» балалар
Шарты: балалар асық атады аналар бес тас ойынын ойнайды
Дене шынықтырушы:
-Жарайсыңдар, балалар! Неткен алғыр, епті, жылдам едіңдер! Ал, ендеше барлығымыз бірге тағы
би – жаттығуын жасасақ қайтеді?
Саққұлақ шығып кетіп, тың – тыңдап келеді. Саққұлақ: Балалар ата аналар мен сырттан тың тыңдап келемін. Сендер кетпей мені күтіңдер… Ортамызға Ортаңғы «Күншуақ» тобының қыздарын шакырамыз
«Текемет» биі. Әуенді өшеді. Саққұлақ:
-Балалар, мен тың тыңдап келдім. Сонау алыстан жарқын дауыстар естілуде. Көрші ауылда
мықтылар мен ептілердің жарысы болғалы жатыр екен. Соған баралық, балалар?!
Балалар: -Кеттік, ендеше!
Таусоғар: -Қалып қоймаңдар, барлығымыз тегіс барайық!
Дене шынықтырушы : -Сендер бара беріңдер! Мен қазір келемін, сендерді қуып жетіп аламын. Мен бүгінгі іс әрекетімізге белсене қатысқаны үшін ата аналармен балаларды мадақтап құттықтағым келіп тұр. Ата аналармен балаларға мадақтау қағазын беріледі.