Home » Мақалалар » РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АТАДАН МИРАС БОЛЫП ҚАЛҒАН КӨРКЕМӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ

РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АТАДАН МИРАС БОЛЫП ҚАЛҒАН КӨРКЕМӨНЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ

(Тәттібаева Гүлжан Бірлікқызы)
ТарМПУ-нің п.ғ.м., аға оқытушысы 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 12 сәуір 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында  жаңғырудың 6-бағытын, бәсекеге қабілеттілік,прагматизм,ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы деп саралап көрсетті. «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде 21 қараша 2018 жылы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының әр бөлімнің тақырыбы төл өнеріміздін түпкі тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі және жарқын болашақтың жоспарын айқындап паш етіп тұр.
Ұлтымыздың ұлағатты өнерін ұлықтап жүрген Тараз Мемлекеттік Педагогикалық «Ұстаз» Университетінің «Өнер және спорт» жоғары мектебі «Көркем графика және дизайн» кафедрасы үш білім беру бағдарламасы  бойынша мамандар даярлайды:  1) 5В012000 «Кәсіптік оқыту мамандығы, «Кәсіптік білім» ұстазы «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу» және «Сәндік қолданбалы өнер»  салалары бойынша;
2) 5В042100 «Дизайн» мамандығы, «Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны» бағытында;
3) В007 Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша, болашақ «Көркем еңбек»  пәні мұғалімдері: Педагогикалық шеберлік әдістеме дәрістерімен қатар,Визуальды өнер; Сәндік қолданбалы өнер; Дизайн және технология; Тамақтану мәдениеті; Үй мәдениеті мазмұнында жан-жақты қазіргі уақытта білім алуда.
Атадан мирас болып қалған сәндік қолданбалы қолөнерімізді дәстүрлі технологиямен қатар жаңа инновациялық технологиямен игертіп «ата-кәсіп», «әже-кәсіп», «ананың кәсібі», «әкенің кәсібі», «ұлдың кәсібі», «қыздың кәсібі», «келіннің кәсібі» болып бөлінетін кәсібімізді ұлттық рухани мәдени құндылықтарымызды болашақ ұстаздарымызбен, дизайн мамандарына игерте отырып дәстүрлер сабақтастығы, ұрпақтар жалғастығын сақтап білім берудеміз.
Қазақ халқының дүниетанымдық ой-өрісін, рухани дамуын, тарихи- материалдық дүниелері, кәсіби шаруашылық түрлері, тұрмыс-салт дәстүрлері, ауыз әдебиеті, дәстүрлі бейнелеу және қолөнері, сәулет өнері, музыка өнері, мерекелік ойын-сауықтары қамтамасыз етіп келгенін, философия, тарих, этнография, эстетика, мәдениеттану және өнертану, педагогика, этнопедагогика саласындағы ғылыми-зерттеулерден, еңбектерден білеміз. Тарихи қалыптасу, даму кезеңдерінде, өзінің ұлттық, психологиялық, әлеуметтік болмысының бар мүмкіндіктерін, ата-бабалар сынынан өткен тәрбиелік принциптерін, мінез-құлық нормаларын, тәлімдік қағидаларын толық қалыптасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы»  азамат тәрбиесінде пайдалануды мақсат тұтқан халқымыз, өзіндік тәрбие құралдарын, әдіс-тәсілдерін дүниеге әкелген. Солардың мазмұнынан, қазақтың өз ұрпағын «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат етіп тәрбиелеу:
1) қазақтың әдеби фольклоры;
2) музыкалық фольклоры:
3) тұрмыстық қолөнер  фольклоры:
4)кәсіптік сәндік-қолөнер фольклоры-құралдары арқылы жүзеге асырылып отырғанына көз жеткіземіз. Бұл фольклорлық құндылықтар: ауыз әдебиетінің сан-алуан салалары-аңыз әңгімелері мен қиял-ғажайып ертегілері, мақал-мәтелдері мазмұнында, ақын жыраулардың толғаулары мен билердің ғибратты, қанатты сөздерінде; Қорқыт-Ата қобызынан бастап, халықтың мұң–мұқтажы мен әсерлі көңіл-күйін көрсететін күйлері мен ұлт табиғатымен біте қайнасқан ән-жырларында; жүн мен теріні, ағаш пен мүйізді, алтынды аптай, күмісті баптай өңдеп жасаған зергерлік, тұрмыстық және әсем-әшекейлік қолөнер туындыларында: халықтың қоршаған табиғат сұлулығын эстетикалық танып білуінің жоғары сапалы нәтижесі саналатын ою-өрнек өнерінде т.б. сан-алуан кәсіби қолөнерлерінде сақталған.
Қазақ халқының тәрбие жүйесі мазмұнында, болашақ ұрпағын өнер арқылы сұлулыққа, әсемдікке баулу, ата-ана, ата-әже, жалпы елдің мұраты болғаны сөзсіз.
Халқымыз маңдай терін төгіп еңбек еткен  ұстахана дүкенің  шеберханасын қастерлеп қасиет тұтқан. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық «Ұстаз» Университетінің қасиетті өнер ұстаханасы «Өнер және спорт» жоғары мектебі «Көркем графика және дизайн»кафедрасы. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Жаскиленова А.Е., кафедра құрамы белгілі ғалымдардан құралған  т.ғ.д., профессор И.О.Мөлдеков, п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов, доцент, ҚР мәдениет саласының үздігі М.Д.Рахимжанов, т.ғ.к., доценттері К.А.Аширбаева, А.А.Тусупова, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері профессор М.У.Паншаев Ж.Б.Гаазе, аға оқытушылар М.Б.Мырзахметов.  В.Г.Мулюкова, докторант Н.Р.Көшкінбаева. педагогика ғылымының магистрлері А.М.Сихаева. А.Ж.Куздеубаев. А.И.Абдрасилов. А.С. Джумашева, оқытушылар техника және педагогика ғылымының магистрлері Г.С. Шаринова,А.Қ. Абсалимова А.Б.Үмбетәлі. оқу шеберлері: З.М.Абдибекова,  Г.Ш.Имашева, С.М.Керімбеков А.Ж.Элбоева, лаборант М.Ш. Казыбаева болашақ ұстаздарымызбен дизайн мамандарын  даярлауда жемісті еңбек етуде.
Қорытындылай келе, «Өнер және спорт» жоғары мектебі ата-бабаларымыздан қалған мұра, ауыз әдебиетінің сан-алуан жанрларымен, күмбірлеген күйімен, асқақтата салған сазды әнімен, айшықты да әсем сәндік-қолөнерімен, отанға қызмет ететін әскери тәртіппен, салауатты дене тәрбиесімен болашақ ұстаздарымыздың  рухани жандүниесінің байлығын, асқақ арманын келер ұрпағының зердесіне жеткізіп, санасына ұялататындай білім беруде .

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.