Мұнайлы ауданы «7»жалпы білім
беру орта мектебінің
«Өзін өзі тану «мұғалімі:
Бегжанова Бахтыгүл
Ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтардың бірі ол -отбасы құндылығы.Бабаларымыздың асыл қазыналы құндылықтарын тереңінен ақтаратын болсақ,»Отбасы»деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр.Яғни, «Отбасы», «Отағасы», «Отанасы» осы үш тіреуді алып қаймағы бұзылмаған қалпында бізге табыстап кеткен.Осы құнды сөздердің тереңіне бойлап қарасақ,тамырын тереңге тартқан тәрбие бастауы жатыр.Отбасы- бұл жанұя мүшелерінің барлығын сипаттайтын ұғым.Отбасындағы сыйластық, адамгершілік, мейірімділік қағидалар темірдей сақталса, сенімділік пен қарым қатынас та соғырлым берік болады.»Қызға қырық үйден тыю», кісінің ала жібін аттамау т.б. барлығы осы құндылықтарға жатады.Сол кешегі бабалардың сарқытын,бүгінгі күні дәл сол қалпында ұрпақтан -ұрпаққа табыстау біздің адамзаттық борышымыз деп ойлаймын.Ендеше ,бүгінгі ақ жаулықты әже мен ақ сақалды дана қарияларымыздың әр бір өнегелі сөзін тыңдап, ұл-қыздың бойына сіңіруіміз қажет.Ендеше осындай «Ұлыларын ұлықтаған»дана қазағымыз аман болсын.Құндылықтарымыз мәңгі және биік тұрсын.