Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№7орта мектеп Өзін-өзі тану мұғалімі
Кенесова Арай
Қазір тек қазақ елі емес,бүкіл әлем аты жаман аурудың тұзағынан құтыла алмады . Десек те осындай қиын шақта еліміз де есеңгіремей, тығырықтан шығудың жолын таба білді. Осы ретте, 2020жылы 6 сәуірден басталған қашықтықтан оқыту жүйесін ерекше айта өтуге болады. Білім жүйесін ақсатпауды көздеген бұл жүйе-мұғалім мен оқушы үшін де тиімді болғаны байқалады.
IV оқу тоқсанына сақадай сай министрлік түрлі қашықтықтан оқытудың әдістемелік құралдарын, онлайн семинарлар өткізу арқылы ұстаздарға түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылар үшін де «Bilim Land», «Дарын-онлайн» сайттары «Еларна», «Балапан» телеарналары арқылы сабақтар жүргізді, тапсырмалар ұсынылды. Осыған қосымша әр пән мұғалімдері тақырыпқа түсінік беріп,оқушылардан кері байланыстар алды. Осы ретте, әр ата-ана -әрі ұстаз, әрі ата-ана қызметін атқарды. Баласымен сабақ оқумен қатар,көп уақытты бірге өткізуге мүмкіндік алды. Сыныпта үнсіз отыратын кей оқушылардың қашықтықтан оқу барысында өз мүмкіндіктерін де көрсете білгені қуантады.
Заман ағымы қанша құбылса, сол құбылысқа бейім тұратын жанның бірі –ұстаз екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.Ұстаздарға деген құрмет артты. Ендеше бұл уақытша қиындықты да еңсеріп, алтын ұя мектебімізге,саналы шәкірттерімізге қауышар сәтте алыс емес деп білемін.