Home » Мақалалар » Жақсылық жасауға асығайық!

Жақсылық жасауға асығайық!

#Бізбіргеміз
#Бізүйдеміз
#171 мектеп

Еліміздегі бас партияның бастамасымен қолға алынған бірнеше акция бүгінге дейін аймақтардағы жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен ардагерлерге қуаныш сыйлауда. Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған акция аз ғана уақыттың ішінде көпшіліктің қолдауына ие болып, оны эстафета секілді барша қазақстандықтар жалғай әкетті. Қысылғанға қол ұшын созып, тарыққанда тарыдай болса да жәрдем беруге бейім қазақ осылайша басына қандай қиын күн туса да оны бірлікпен, ымырамен еңсеретінін тағы бір дәлелдеді.

Өткен аптада «Біз біргеміз» акциясы Алматы қаласының Алатау ауданында да жалғасын тапты. Өңірдегі №171 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Әйгерім, Көк-Кайнар шағын ауданындағы көпбалалы аналар мен жағдайы төмен бірнеше отбасына азық-түлік үлестірілді. Білім ошағының басшысы Алия Сагындыковна мектеп ұжымының бұған дейін де қайырымдылық шараларда белсенділік танытқанын айтады. Сондай-ақ ол бірлікті ту еткен Қазақстанның бұл кеселді де жеңіп шығарына сенеді.

– «Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз» акциясы бүгінге дейін түрлі санаттағы Отандастарға қуаныш сыйлады. Барша қазақстандықтардың қолдауына ие болған аталған акцияны біз де жалғай әкеттік. Бірнеше отбасына азық-түлік үлестіріп, ақ жаулықты аналар мен ардагерлердің алғысын алдық. Төтенше жағдай кезінде көпшілікке қуаныш сыйлауды мақсат еткен акция арқылы Елбасы барша Отандастарға оң бағыт берді. Қазір елдегі төтенше жағдай қай-қайсысымызға да оңай тиіп жатқан жоқ. Десекте де, мемлекет бекіткен белгілі бір шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін ұдайы назардан шығармауымыз керек. Қазір ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында тиісті шаралар қабылдап, оның алды бүгінде жемісін беріп жатыр. Көпшілік жалғастырған осы акция да әлеуметтің әлеуетін көтеруге тамшыдай болса да үлес қосуда. Бұған дейінгі қайырымдылық шараларда да біз қолымыздан келгенше мектеп ұжымы болып белсенділік таныттық. Елдің еңсесін тіктеуге бағыт алған шаралардан мұнан кейін де шет қалмаймыз, – дейді білім ошағының басшысы А.Садыкова.

Алатаудағы акцияны мектеп әкімшілігі ұйымдастырды (А.С. Садықова, С.Ф.Логвиненко, В.М. Маджара, С.Д. Нураханова, А.А.Солтанбекова, Н.С.Бектібаева, Г.Н. .Чанкенова); сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері (А.Н. Мурат, Н.А. Ким, Д.А. Чалабова, О.В. Бельская, Ш.А. Оразбекова, Л.М. Искакова, А.К. Розиева, С. К. Кизат, Н.И. Исмаилова; А.Ж. Оразбекова, Ж.Е.Жәңгірбекова); Азия дүкенінің иелері (И.Джамалов, Г.Т.Аширова,М.Сейидова ).Олар бұл шарапаты мол шара арқылы тек жақсылық жасаумен шектелмей өскелең ұрпаққа да оң бағыт беріп жатқанына сенеді.

Біз біргеміз!Біз үйдеміз!

Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№171 жалпы білім беретін мектеп
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 
 Нураханова Светлана Дмитриевна
Солтанбекова Алия Алимбековна

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.