Сыздыкбаева Акбопе Куванышкызы учитель физической культуры КГУ ОШ №171, г.Алматы, Алатауский район Қашықтықтан оқыту дегеніміз – мұғалім мен оқушы арасында қандайда бір қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілелерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Еліміздің білім беру саласы қашанда заман талабына қызмет атқарып келеді. Бүкіл әлемді жайлаған пандемияның әсерінен орын алған төтенше жағдайға байланысты туындаған, қашықтықтан білім беру жүйесі де еліміздің мектептерін айналып өтпеді. Жұмылған жұдырықтай іске кіріскен ұстаздар қауымы жаңа форматтың қиындығы мен жаңашылдығына қарамастан нәтижелі жұмыс атқаруда. Мақсаты мен міндеті айқын оқытушының басты назары оқушының өз бетінше білім алудың барысын басқару болып табылады. Әсіресе қашықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы білім алушының жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Жаңа жүйеде білім беру бірнеше форматта іске асуда. Олар: Теледидар арқылы — Бұл оқытушы үшін де, оқушылар үшін де жаңа формат. «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 1 – 11 сынып оқушыларына арналған қазақ және орыс тілдерінде бейне сабақтар жүргізілуде. Сабақ жоспары негізінде телесабақтарды міндетті түрде қарау ұсынылады. Радио арқылы – теледидар сигналы жетпейтін елдімекендерде «Қазақ радиосы» бар екенін ескере отырып, «Қазақ радиосы» толқынында да кунделікті сабақ жүргізілуде. Баршамызға белгілі және бүгінгі таңда ең қолайлы және тиімді Интернет желісі арқылы білім беру жүйесі жүргізілуде. Қысқа мерзім ішінде бірнеше интернет платформалары дайындалды BilimLand, Kyndelik.kz, Darin online т.б. Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жуйесінде, интернет – платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы жіберуге болады. Кері байланысты Kyndelik.kz арқылы немесе мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асуда. — Қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың ата – аналары (заңды өкілдері) оқу үшін білім алушыға жағдай жасауда; — Балалардың оқуын, білім алушылардың өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асыруда. Осы орайда ата – аналардың көрсеткен қолдауы және түсіністігі үшін алғысымызды білдіреміз. Сонымен қорыта келгенде қашықтықтан оқыту адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.