Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту жағдайындағы тәрбие жұмыстарын жүргізу

Қашықтықтан оқыту жағдайындағы тәрбие жұмыстарын жүргізу

Қарағанда облысы
«Сәтбаев қаласындағы № 1 мектеп- гимназиясы» КММ
көркем еңбек пәнінің  жоғарғы санатты,
«педагог – зерттеуші» мұғалімі
Казкенова Айнаш Айтореновна

2020 жылдың 16 наурызында елде төтенше жағдай жарияланып, қалалар бірінен  кейін бірі карантинге  жабылды. Мектептер, университеттер, жалпы білім беруші мекемелер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Ұстаздарымыз бұл жұмысты да тез меңгеріп, жағдайға тез бейімделді. Алғашында түрлі ыңғайсыздық тудырғанымен жағдайдың тұрақтануына да ұстаздар көмегін тигізді. Қашықтықтан оқыту кезінде әртүрлі платформа және телеарналар оқушылардың білім алуына көмек берді. Алғашқы күнен бастап баланы түгендеу, баланың сабаққа уақытылы қатысуы, дұрыс түсіндіру, жағдайына қарау, карантин режимі қатаң сақтауды да ұстаздар өз мойнына алды. Бұрын мектеп партасында отырып білім алатын оқушылар, үйден оқытылуға көшті. Бірталай қиындықтарда белең алды. Мемлекет  тарапынан бірталай шаралар қабылданды. Ұстаздар қауымына артылған бірінші міндет шәкірттерін сапалы  біліммен сусындатып, білімін үй жағдайында да арттыру болды. Осы жқмыста мектебіміздің әкімшілігі, мұғалімдері де әрбір баланың жеке ерекшелігін  ескере отырып, жүйелі түрде бар мүмкіндіктерін салып білім беріп отырды.

Мектебімізде сапалы білім берумен қатар тәрбие жұмысы да қашықтықтан жүргізілді. Бұл оқу кезеңіне өзім жетекшілік ететін 7 «б» сыныбы да көшті. Алғашқы аптада ата- аналар мен оқушыларға арналып жиналыстар өткізілді, түсіндірме жұмыстары болды. «Біз қашықтықтан оқимыз» атты видеороликтер дайындау сайысына қатысып, сынып оқушыларының дайындаған видеосы талапқа сай безендірілуіне байланысты  1 орын иеленді. Өткізілген іс- шаралардан сынып оқушылары ата- аналардың көмегімен қалыс қалмай қатысып отырдық. Қазақстандық патриотизм және азаматтық- құқықтық және рухани адамгершілік қасиеттерді оқушылар бойында қалыптыру мақсатында ұлы геолог, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туылғанына 121 жыл толуына орай өткен эссе жазу сайысында сыныбымның оқушысы Сейтжан Сабина 1 орын иеленді, белсене қатысқаны үшін Махмутов Темірланға алғыс жарияланды.  Композитор, дирижер, күйші  Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл толуына орай, ол  кісінің әндері мен күйлерін орындау сайысына өнерлі оқушы Ешмұхан Ерсұлтан үлкен топ арасынан 1 орын алды.

Оқушылар бойында көпмәдениетті және көркем эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 1 мамыр- халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы күнініне орай біршама іс- шаралар ұйымдастырылды. Қазақстанда мекен ететін әр ұлттардың тағамдарын дайындау челеенджіне украин халқының толмасы дайындалды.

Ұлттық киімдердің суретін графика, кескіндеме техникасында орындау түрінде «Креативті иллюстратор» байқауына сыныптан Нысанбаев Арыстан қатысып, «Графика шеберә» номинациясы бойынша 2 орын иегері атанды.

«Этно-стиль» ұлттық киімдердің виртуальды сайысына екі бағыт бойынша: ұлттық киімдегі тик-ток, ұлттық киім элементімен орындалған тик-ток дайындау керек болды. Сынып атынан қатысқан Сатыбалды Шакизада «Халық шығармашылығы» номинациясын, Орынбай Жамила «Харизмасы әдемі» номинациясын, «Нағыз ер жігіт» номинациясын жеңіп алды.

Рухани адамгершілік бағытындағы жұмыстардың бір түрі, отан қорғаушылар күніне байланысты сыныптың ер балаларын мерекелік құттықтауы  видео- слайд түрінде дайындалды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне байланысты бізге бақытты өмірді сыйлаған ата- әжелерімізге тағзым ретінде слайд- презентация әзірленіп, оқушыларға көруге ұсынылды.

Мектепте ұйымдастырылған отбасы тәрбиесі негізіндегі, 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Менің шежірем- елімнің шежіресінің бөлшегі» атты шағын жобасына сыныптан Қайрат Ғазиз деген оқушым қатысып, 1 орынға ие болды.

Сонымен қоса сыныбымыздағы көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан жанұя балаларына мектеп әкімшілігі мен демеуші ата – аналар қайырымдылық акциясы ретінде  азық – түлік жиынтығын дайындап ұсынды.

 

Сынып ата- аналары оқушылармен  бірлесіп қашықтықтан білім алумен бірге тәрбие жұмыстарын жүргізуге ат салысты. Әрқашанда мектеп- ұстаз- ата- анамен біріккен кезде ғана  жұмысымыздың оң шешімі табылады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші түрлі шаралар  ұйымдастырған мектеп әкімшілігіне  риза. Қоғамда аса маңызға ие болған  мұғалім  мәртебесі арта берсін !

Алда балаларды жазғы, көңілді демалыстар күтіп тұр.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.