Алматы қаласы,
Алатау ауданы
№114 жалпы білім беретін мектебі
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Болат Гульнур Болатқызы
2019-2020 оқу жылы басталып, мектебіміздің жылдық жоспарға сай жұмыстары ойдағыдай жасалынып, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары республикалық, қалалық, аудандық деңгейдегі байқауларға қатысып, тиісті орын иелері атанды. Мектебімізде білікті маман иелері, жас мамандар оқу білім деңгейін көтеріп, ілім-білім беріп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып өз үлестерін қосуда. Адам бойындағы ең асыл қасиеттер – ізгілік пен білімділік. Ал адам жанына осы асыл қасиеттерді дарытушы – мұғалім.
Үшінші тоқсанның аяқталуына аз уақыт қалғанда, елімізге келіп төнген қауіп-қатерден сақтану мақсатында карантин жарияланды. Әрине, бұл жағдайды ешкім де күткен жоқ, алайда індет аты індет, қалайда барлық сақтық шараларын жасау, елеміздің амандығы, денінің саулығы – бұл басты міндет! Осы орайда еліміздің барлық білім салалары қашықтан білім беруге жүйелене бастап, қашықтықтан оқытуға дайындық жұмыстарын да бастап кетті. Мұғалім – мектептің жүрегі демекші осы тұста қазақстандық барша ұстаздар қауымы VI тоқсанды қашықтан оқытуға оңтайлы берілген білім-дәрістерін онлайн түрде өткізуге мәжбүр болды. Алғашында әрине қиындықтар, кедергілер болып, кейін келе ата-аналарымыз осы қашықтан оқытуға бейімделіп, үшодақтық қауымдастық жүйелі түрде жүргізіліп, оқушыларымыз тиісті білімдерін ала бастады. Жағдайы төмен отбасыларына, желіге қосыла алмай, білім ала алмай жатқан оқушыларымызға өкімет тарапынан көптеген көмек көрсетіліп, тегін ноутбук, планшет, интернет (желі) үйлестірілді. Осы орайда мектебіміздің де бірнеше ұстаздары осынау қиын-қыстауда көмек қолұшын беріп, өз тараптарынан ұялы телефон сатып алынып берілді. Мектебізде осындай абзал жандардың барына, жүрек жылып, мейірлене түседі екенсің!
Торқалы тоқсан яғни VI тоқсан несімен тиімді болды. Тиімдісі бұл үйде отырған көптеген түсінбестік танытып жүрген ата –аналарымызға бір сабақ болды ма деп түсіндім, себебі ұстаздарымыздың кейінгі кездері дәрежесі төмендеп, берген ілім-білімдері бағаланбай кеткені бұл хақ! Алайда бұл сынақтан да хас жүректі ұстаздарымыз сүрінбей өтіп, шәкірттері десе жанын беретін ұстаздарымыз өз дәрежесінде білімдерін, қалай да болсын білім нәрімен сусындатуды ойлайтын асыл жүректі ұстаздар аянбай дәрістерін беруде.
Торқалы тоқсанның зияны, әрине бірінші кезекте, біздің міндетіміз — оқушыға жүйелі білім беру. Ал қашықтықтан білім беру өз дәрежесінде алынады ма? Әрине жоқ! Осы тұста біз бұл қашықтан оқытудың зиянын байқаймыз. Ол оқушы – мектепке келіп өз сыныбында, ұстаздың алдында отырып құрбы-құрдастарымен ойнап күліп білім, дәріс алмаған соң, бұл оқыту жүйесі тиімсіз әрине. Оқушыларымыздың өз мектебіне келіп білім алуына не жетсін. Еліміздің амандығын тілей отырып, осы індет мемлекетімізден жойылып, әрбір бала тиісті білімдерін алуы тиіс.
Ойымды қорыта келе айтарым, мектептің жаны ұстаз болса, ұстаздың бар ынтасы шәкірттерінде деп ойлаймын, «ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Адам тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз.