Home » Жаңалықтар » СІЗ өзіңізді мақтамаңыз…

СІЗ өзіңізді мақтамаңыз…

Журналистік МЕНІҢ міндетім – СІЗДІҢ жұмысты көру, оны хабарлау.

  1. Жақсының жаршысы болып – қандай жағдай болмасын ретін тауып насихаттау.
  2. Жаманның жағымсыздығын – әшкерлеп көзіне айтып, түзетуге тырысу.

Бұл жағдаймен мәселені шешіп тастаймын емес, көтеру арқылы күн тәртібіне қою, жарялық, плюралис жағдайды ұстану

Сол мақсатта  «БАББ» – «БІЛІМ АЙНАСЫ – БІЗ БІРГЕМІЗ» ашық алаң жобасын бастадым (Ұстаз, ата-ана, оқушы үштігінің бірлестігіне бағытталады)

«Өзін мақтаған — өліммен тең дейді» Өкінішке орай қазіргі уақытта өзінің жұмысымен өздері мақтанатындар көбейді. Ол жайды да түсінуге болатын шығар. Өйткені, қаншама жұмыс жасап, әрекеттенгеніңмен ешкім көрмей жатса… Өзіңді өзің мақтағаннан басқа амал қанеки. Осы олқылыққа тамшыдай болсада өз үлесімді қосайын деген ниетпен осы БАББ жобасын бастап отырмын. Әрине 20-30 минуттық эфирде барлығын қамтып тастауға келмес. Деседе, ұстаздардың тәжірибе алмасуына, ата-аналардың ұсынысы мен тілегіне құлақ асуға, оқушылардың ілім – білімін тыңдауға шамалы болсада септігі тиеді деген сенімдемін.

Құрметті ҰСТАЗ!
— СІЗ жұмыс жасаңыз.
– БІЗ айтайық,  ардақты АТА-АНА!
-Сіз ой қосыңыз, жақсы тілек айтыңыз.
¬– БІЗ жеткізейік,  АЙНАЛАЙЫН оқуышы!
-СІЗ білім алыңыз.
– БІЗ сізге де құлақ асайық, санасайық, кеңесейік, болашақтың кілтін қолыңа ұстатайық.

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
#БІЛІМАЙНАСЫ
#БІЗБІРГЕМІЗ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.