«БАББ» туралы түсінік:
Қашықтан оқу жүйесіне байланысты тәжірибе алмасу, ой білдіріп, сын-пікірлер, тиімді ұсыныстар айтатын алаң.
Мақсаты:
Сын мен сенім ақбозына жүк артылған тұста бірлік пен ынтымақтастықтың үлгісін көрсету.
Артықшылықтары:
Кез-келген жерден БАББ – ой бөлісу ашық алаңына қатысуға мүмкіншілігіңіз бар. Ой мен тәжірибе алмасуға бірнеше рет қатысамын десеңіз де шектеу жоқ.
Өтетін уақыты:
Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 11:00 мен 11:30 аралығында quantai_79 инстаграм парақшасында өтеді.
Регламенті:
- «Әкімшілік сөйлейді» айдары – әкімдер жергілікті жердегі атқарылып жатқан қызметтері жайында ақпарат береді.
- «Ұстаздар алаңы» айдары – әр өңірден ұстаздар қатысып, өз жұмыстарының ерекшеліктері жайында ой бөліседі. Сондай-ақ тікелей эфир уақытында аты-жөнін жазу арқылы «МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ» байқауына ТЕГІН қатысуға жолдама алады. (ережесі эфирде айтылады және уатсап номеріне жіберіледі).
- «БІЗ БІРГЕМІЗ!» айдары – танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері:ақындар, жазушылар, журналистер сондай-ақ, өнер қайраткерлері ой пікірлерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салады.
- «Ата-аналар мен оқушылар» айдары – тілек, ой, ұсыныстар айтылады. «МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ» байқауына ТЕГІН қатысуға болады.
Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
BILIM AINASY
Нұр-Сұлтан қаласы