«Менің тәжірибем» байқауына жіберілген жұмыстар жеке-дара тәжірибе алмасу, өзгеге ой сала отырып, кеңес беру мақсатында болғандықтан, бір-бірімен бәсекеге түспейді. Әр жұмыс жекелей көрермен көзайымына айналу керек. Сондықтан, әлеуметтік желілер мен сайт парақшалары арқылы ел назарына ұсынылатын болады.
БАСТЫСЫ: quantai_79 инстаграм парақшасында сейсенбі, бейсенбі, сенбі сағат 11:00 де өтетін тікелей эфир «БІЛІМ АЙНАСЫ — БІЗ БІРГЕМІЗ» ашық алаңын көру арқылы байқауға жолдама алады. тікелей эфирда қайда жұмыстарды жіберу керектігі хабарланады
Жұмыстар жіберу шарты: (ұсынылып отырған 4 деңгейдің біреуі арқылы жіберуге болады):
- Видео болса, ұзақтығы – 1 минуттан;
- Аудио болса, ұзақтығы – 30 секундтан;
- Фото болса, қандай да іс-тәжірибеден мағлұмат беретін 1-2 дана, көлемі 1000*1000 өлшемінен аспағаны дұрыс.
- Жазба болса, суретімен бірге екі беттен аспауы керек.
- Тәжірибе алмасу жұмысыңызбен бірге
1. Толық аты-жөніңізді жазыңыз.
2. Облыс, қала, аудан атауын және жұмыс жасайтын мекемеңізді, қызметіңізді көрсетіңіз.
3. Алған атақ-даңқыңызды, дәрежеңізді жазыңыз.
4. Жіберген жұмысыңыздың тақырыбын жазыңыз.
МЫСАЛЫ: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына қарасты Сары арқа ауданында орналасқан № 62 мектеп-лицейдің педагог-психологі Құдайбергенова Аяулым Құдайбергенқызының 1. Зейінді шоғырландыруға және қысқа мерзімді жадыны дамытуға арналған ойынын ұсынамын.
Таралу аймағы: Қазақстан Республикасы. алыс-жақын қазақ, орыс тілдерін түсінетін шет ел мемлекеттері.
Тарату құралы: ФБ – Facebook, Instagram парақшаларында сондай-ақ, bilimainasy.kz сайты.
Бағалану шарты: Көрсетіп отырған тәжірибе тарату құралдарының тек біреуінде ғана 300 лүпіл және 10 пікір жеткілікті
BILIM AINASY
Нұр-Сұлтан қаласы