Әлемде, елімізде болып жатқан короновирус пандамиясын тоқтату мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар көп. Вирустың таралуына шектеу үшін көптеген мекемелер өз жұмыстарын тоқтатты. Халықты ақпаратпен таныстырып және халыққа қызмет көрсететін мекемелер өз жұмыстарын қашықтықтан, онлайн түрде ұсынуда.
Сондай саланың бірі-педагогика. Еліміздегі білім беру ұйымдарының педагогтері қиындыққа қарамастан қашықтықтан оқытуда. Соның бірі Жамбыл-Өрлеу педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесін іске асыруда оқытудың жаңа құралдары мен ақпараттық технологияларды пайдаланып жұмыс жасауда. Институт қызметкерлері осынау қысылтаяң шақта облыс педагогтерін қолдау мақсатында онлайн түрде оқытуын бастады және фейсбук, инстаграм парақшалары арқылы да қашықтықтан әдістемелік көмек көрсетуде.
Қашықтықтан оқытудың негізгі қызметі білім беру процесінің субъектілері арасында дəнекер болып табылатын электронды жəне телекоммуникациялық құралдардың көмегімен білім беруді іске асыру болып табылады. Бұл жүйеде субъектілер тыңдаушылар мен оқу процесін ұйымдастырушылар (профессорлық-оқытушылар) болады. Профессорлық -оқытушылар жалпы білім беретін мектептердің әлуметтік-педагогтеріне, психологтары мен инклюзивті сыныптарда оқытатын мұғалімдеріне арналған курсты қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруда. Қашықтықтан оқытуға оқытушы мен тыңдаушының арасында интерактивті оқыту құралдары арқылы электрондық жəне мультимедиалық оқулықтар, тізбекті ақпараттық жүйелер арқылы кері байланыс (электрондық пошта, əр түрлі режимдегі байланыс жүйесінде телеконференциялар) берілуде.
Өзімнің тәжірибемде ZOOM бағдарламасы арқылы «қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері» тақырыбында педагогтерге арналған онлайн-семинар өткіздім. Семинарға он беске жуық мұғалімдер қатысты. Семинарда қашықтықтан оқытудың түрлері, тәсілдері, принциптері туралы сөз қозғалды және мұғалімдер қашықтықтан оқытуды қалай жүзеге асырып жатқандығы жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталмыш бағдарламаның пайдасы қатысушылар презентацияларды көруге мүмкіндігі бар және де бірін-бірі көріп, қажетті сұрақтарын да қоя алады.
Әрине, қашықтықтан оқыту басқа оқыту түрлеріне қарағанда өз артықшылықтары бар. Педагогтер яғни, мұғалімдер үйінен шықпай кез келген жерде, кез келген мерзімде (Жамбыл-Өрлеу білім беру канал) жазылған дәрісті, кәсіби қызметпен қатар, мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде оқуға, білім алуға мүмкіндігі бар.
Институт облыс мұғалімдерінің қиын кезеңде үйден шықпай-ақ кәсіби, құзыретті маман болуына, кәсіби дамуына өз үлесін қосуда.
Жамбыл-Өрлеу пеадгогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы
Б.Байхадамова